Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О неотложных мерах защиты населения Восточно-Казахстанской области от туберкулеза

Өзге акт · № 616 · қабылданған 07.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3076/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О неотложных мерах защиты населения Восточно-Казахстанской области от туберкулеза Күшін жойған 07.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О неотложных мерах защиты населения Восточно-Казахстанской области от туберкулеза

Күшін жойған Өзге акт № 616 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О неотложных мерах защиты населения Восточно-Казахстанской области от туберкулеза
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
616
Қабылданған күні
07.12.1998
Көрсетілген редакция
07.12.1998 3076_254624.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000118
ЭКБ идентификаторы
3076
Редакция идентификаторы
3076_254624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шығыс Қазақстан облысының халқын туберкулезден

қорғаудың шұғыл шаралары туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында туберкулез жөнiнде
эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халықтың науқастануы мен
өлiмi күрт өстi (1998 жылғы 10 ай iшiнде 1997 жылдың тиiстi мерзiмiмен
салыстырғанда өсiм 49,1 процент болды).
"Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл
шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4
қыркүйектегi №839 Қаулысын орындау мақсатында
ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнiң

құрамы мен ережесi бекiтiлсiн (№1, 2 қосымшалар).

2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен

комитеттер туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық Бағдарламаның
шараларын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын (N 3 қосымша).

3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:

1) бiр ай мерзiмi iшiнде жергiлiктi жерлерде туберкулезге қарсы күрес

жөнiнде үйлестiрушi кеңестер ұйымдастырсын;

2) 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде халықты туберкулезден

қорғау жөнiнде аймақтық бағдарлама жасалып, бекiтiлсiн;

3) жергiлiктi бюджеттерде медициналық жабдықтар алуға және

туберкулезге қарсы мекемелердi күрделi жөндеуге қаражаттар бөлу көзделсiн.

4. Облыстық денсаулық сақтау (Андағұлов К.Б.), мемсанэпидқадағалау

(Якупов В.С.) басқармалары:

1) емдеу-профилактикалық мекемелердi қаржыландыру кезiнде басымырақ

қаржыландырудың бiр ретiнде туберкулезге қарсы қызметтi белгiлесiн;

2) барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық

диагностика әдiстемесi енгiзiлсiн;

3) бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулезге профилактика жасау

жөнiнде халық арасында санитарлық-тазалық бiлiмi кең насихатталсын.

5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық денсаулық сақтау

басқармасына жүктелсiн және оны орындау туралы ақпарат облыс әкiмiнiң
аппаратына тоқсаннан кейiнгi айдың 10 жұлдызына дейiн тоқсан сайын
берiлсiн.

12 Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнiң

Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 1 қосымша
Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т. Ибраев

13 Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесi туралы

Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 2 қосымша
Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру Кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесi Шығыс

Қазақстан облысының әкiмi жанындағы консультаттық-кеңестiк орган болып
табылады (бұдан былай - Кеңес).

2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жанында туберкулезге қарсы күрес

жөнiнде аудандық және қалалық Кеңестер құрылады.

3. Кеңестiң құрамына бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет,

экономика, стратегиялық жоспарлау мен реформалар (келiсiм бойынша), қаржы,
iшкi iстер, ақпарат және қоғамдық келiсiм, ауыл шаруашылығы
басқармаларының өкiлдерi енедi.

4. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi Кеңес:

- облыс қалалары мен аудандарының атқарушы органдарының, басқармалар
мен ведомстволардың туберкулезге қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерi
бойынша iс-қимылдарын үйлестiруге қатысады;
- денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ветеринария, iшкi iстер және
басқа мемлекеттiк органдар мекемелерi басшыларының жергiлiктi жерлерде
туберкулезге қарсы күрестiң жағдайы туралы хабарламаларын тыңдайды,
жүргiзiлiп жатқан шараларды алдын-ала тексередi;
- облыс әкiмiнiң, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қарауына
туберкулезге қарсы күрестi жетiлдiру жөнiнде негiзделген ұсыныстар
енгiзедi.

5. Кеңес мәжiлiстерi тоқсан сайын жүргiзiледi. Жұмыс жоспары Кеңес

мәжiлiстерiнде бекiтiледi.

6. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етудi Шығыс Қазақстан облыстық

денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т. Ибраев

20 "Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi №839 Қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi

Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 3 қосымша
"Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi
№839 Қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi
БАҒДАРЛАМА
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң аппарат басшысы
Т. Ибраев