О создании Республиканского государственного предприятия "Хозяйственное управление Министерства юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного предприятия "Хозяйственное управление Министерства юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 23.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI3083_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990000288_
- ЭКБ идентификаторы
- 3083
- Редакция идентификаторы
- AI3083_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:17
0 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 қыркүйектегі N 880 P980880_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әкімшілік ғимаратын басқару базасында, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленіп, "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір айлық мерзім ішінде:
оған жарғылық мақсатын жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік мүлік объектілерін қоса отырып, Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын;
Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473 P971473_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 440-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы)".
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.