О переименовании некоторых государственных учреждений Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых государственных учреждений Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1282
- Қабылданған күні
- 25.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2015 AI30887_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060001282_
- ЭКБ идентификаторы
- 30887
- Редакция идентификаторы
- AI30887_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:20
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Атом энергетикасы кешенінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Атом энергетикасы кешенінде жұмыс жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау облысаралық мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы;
2
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы болып қайта аталсын.