Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Дом Дружбы - Центр по исследованию проблем межэтнических отношений" Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Қаулы · № 1313 · қабылданған 29.12.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-30948/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Дом Дружбы - Центр по исследованию проблем межэтнических отношений" Министерства культуры и информации Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1313 ·29.12.2006
29.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Дом Дружбы - Центр по исследованию проблем межэтнических отношений" Министерства культуры и информации Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1313 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Дом Дружбы - Центр по исследованию проблем межэтнических отношений" Министерства культуры и информации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1313
Қабылданған күні
29.12.2006
Көрсетілген редакция
29.04.2013 AI30948_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001313_
ЭКБ идентификаторы
30948
Редакция идентификаторы
AI30948_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:18

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы

"Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, этносаралық қатынастарды мақсатты және жүйелi түрде зерттеу бойынша қажеттi ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетiн дамыту және өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

3 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым және мәдениет саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласы, Құрманғазы көшесi, 40 мекен-жайында орналасқан "Достық үйiнiң" ғимаратын ондағы мүлiкпен қоса кәсiпорынның жарғылық капиталына берсiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2 2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 415-32-жолмен толықтырылсын:
"415-32 "Достық үйi - Этносаралық қатынастар
        проблемаларын зерттеу орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)              Алматы қаласы";

2 2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 48-жолмен толықтырылсын:
"48. Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

Қолданыстағы