Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 1299 · қабылданған 28.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31004/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 1299 ·28.12.2006
19.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 1299 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1299
Қабылданған күні
28.12.2006
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI31004_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001299_
ЭКБ идентификаторы
31004
Редакция идентификаторы
AI31004_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:18

0 Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының 100 (бiр жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.

2 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер бекiтiлсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

5 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1299 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер

1 1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

1 1) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Астана" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 107-6-жолмен толықтырылсын:
"107-6 "Астана халықаралық әуежайы" АҚ";

2 2) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Астана" деген бөлiмдегі реттiк нөмiрi 21-30-жол алынып тасталсын.

2 2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):

көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 160-14-жол алынып тасталсын.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 24 қазандағы N 1020 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 8 және 16-жолдар алынып тасталсын.

Қолданыстағы