Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 1299 · қабылданған 28.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31004/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 1299 ·28.12.2006
19.09.2014 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 1299 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1299
Қабылданған күні
28.12.2006
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI31004_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001299_
ЭКБ идентификаторы
31004
Редакция идентификаторы
AI31004_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:18

0 Мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының 100 (бiр жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.

2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер бекiтiлсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

5 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1299 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтыру мен өзгерiстер

1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

1) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Астана" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 107-6-жолмен толықтырылсын:
"107-6 "Астана халықаралық әуежайы" АҚ";

2) Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Астана" деген бөлiмдегі реттiк нөмiрi 21-30-жол алынып тасталсын.

2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):

көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 160-14-жол алынып тасталсын.

3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 24 қазандағы N 1020 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 8 және 16-жолдар алынып тасталсын.

Қолданыстағы