Правила изменения, дополнения и исправления записей актов гражданского состояния и восстановления утраченных записей актов гражданского состояния
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Правила изменения, дополнения и исправления записей актов гражданского состояния и восстановления утраченных записей актов гражданского состояния
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық хал актiлерi жазуларын өзгерту, толықтыру және түзету және жоғалған азаматтық хал актiлерi жазуларын қалпына келтiру ЕРЕЖЕЛЕРI
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- б/н
- Қабылданған күні
- 11.01.1997
- Көрсетілген редакция
- 28.06.1999 AI311_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V970000249_
- ЭКБ идентификаторы
- 311
- Редакция идентификаторы
- AI311_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:13
Азаматтық хал актiлерi жазуларын өзгерту, толықтыру және түзету және жоғалған азаматтық хал актiлерi жазуларын қалпына келтiру ЕРЕЖЕЛЕРI
1 I-тарау. Азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу
2. Азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер туралы арыздар үлгi бойынша (N 1 қосымша) жазу жасалған өтiнiш берушiнiң тұрақты тұрған жерi бойынша аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне берiледi.
2.1. Әскери училищелердiң курсанттары, жоғарғы және орта арнаулы орта оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiнiң, сондай-ақ кәсiптiк-техникалық училищелердiң студенттерi мен оқушылары оқу орны орналасқан жердiң АХАЖ бөлiмiне өтiнiш бере алады.
2.2. Жасы 18-толмаған балаларға қатысты азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер туралы өтiнiштердi ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылар мен қорғаншылары, сондай-ақ тәрбиесiнде жасы кәмелетке толмаған балалар бар басқа адамдар мен мекемелер бередi.
2.4. Заңмен белгiленген тәртiп бойынша есi ауысқандық немесе ақыл-парасаты кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның азаматтық хал актiсi жазуына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер туралы арыздар оның қамқоршысымен берiледi.
2.5. Өлген адамға қатысты азаматтық хал актiсi жазуындағы өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер туралы арыздар Қазақ ССР Азаматтық Кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 527-бабымен анықталған заң бойынша мұрагерлер тобына енетiн адамдар арқылы берiледi.
2.6. Жынысын өзгертуге байланысты фамилиясын, атын және әкесiнiң атын түзету туралы өтiнiштер жынысын өзгерту туралы қорытынды жасаған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша берiледi.
Бұл жағдайда жазуға өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер консулдық мекеменiң iздену хаты бойынша сәйкес актiнi тiркеген жердегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi арқылы N 1175 Ережемен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
3. Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
- өзi және оның жақын туыстары жөнiнде толық мағлұматтарды көрсетумен арыз берушiнiң өмiрбаяны.
Арызға сонымен бiрге - азаматтық хал актiсi жазуына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу қажеттiгiн растайтын өзге де құжаттар қоса берiледi.
Әскери қызметшiлер сондай-ақ жазуды өзгертуге, толықтыруға және түзетуге қатысты мағлұматтармен қызмет орны бойынша әскер бөлiмiнiң анықтамасын ұсынады.
Қажет жағдайларда аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмдерi жеке және заңды тұлғалардан қосымша құжаттар талап етуi мүмкiн.
4. Өтiнiштер мен оған қоса берiлген құжаттар алпыс күн мерзiмде аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiмен қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған жағдайда көрсетiлген мерзiм аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiмен отыз күннен көп емес мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
5. Өтiнiштердi тiркеу бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiштердi есепке алудың арнаулы журналында (N 2 қосымша) жүргiзiледi.
6. Ұсынылған құжаттар мен тексерулер нәтижесi негiзiнде арыз берушiнiң тұратын жерiндегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi азаматтық хал актiсi жазуындағы өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер туралы немесе (N 3 қосымша) бұдан бас тарту жөнiнде қорытынды жасайды.
6.2. Қорытынды N 1175 Ереженiң 2-тармақ 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақшаларымен көзделген жағдайларда жасалады.
Қорытындының екiншi данасы мен iстiң материалдары сол жазу жазылған жердегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнде қалады.
Өзгерту, толықтыру немесе түзету енгiзiлуге тиiс жазу осы аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнде болған жағдайларда қорытынды бiр данада жасалады.
6.4. Әр түрлi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмдерiнде жатқан бiрнеше жазуларға өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзген жағдайда қорытындының бiрiншi данасы хабарламамен бiрге олардың бiрiне жiберiледi, ал басқа бөлiмдерге қорытындының көшiрмелерi жiберiледi.
6.5. Жазудағы өзгерту, толықтыру немесе түзету туралы аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысы тиiстi алғашқы (қалпына келтiрiлген) жазу жазылған жердегi АХАЖ органымен мiндеттi орындалуға жатады.
6.6. Жазудағы өзгертуден, толықтырудан және түзетуден бас тартқан жағдайда АХАЖ органының қорытындысында бас тарту себептерi көрсетiлуi керек.
Жазудағы өзгертуден, толықтырудан және түзетуден бас тартқан жағдайда арыз берушiге сотқа шағым жасау тәртiбi түсiндiрiледi.
7. N 1175 Ереженiң 2-тармағында көзделген жағдайларда өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер мына азаматтық хал актiлерi жазуларына енгiзiледi:
7.1. Бала асырап алуға (қыз асырап алуға) (N 1175 Ереженiң 1-т, 1-тармақшасы) байланысты фамилиясын, атын, әкесiнiң атын және туған күнiн өзгерткен жағдайда - асырап алған баланың тууы туралы акт жазуына.
Егер баланың шешесi оның баласын бала асырап алған (қыз асырап алған) адаммен некеде тұрса және ол бала асырап алушының фамилиясында болса, онда баланың туу туралы акт жазуында шешесiнiң фамилиясын өзгерту жүргiзiледi.
7.2. Некенiң бұзылуына немесе некенi жарамсыз деп тануға байланысты (N 1175 Ереженiң 2-т. 3-тармақшасы) ерiнiң (зайыбының) фамилиясын өзгерткен жағдайда - кәмелетке толмаған балалардың туу туралы акт жазуына ата-анасының екеуiнiң де немесе олардың бiреуiнiң фамилиялары өзгертiледi;
7.4. Әкелiктi анықтауды (N 1175 Ереженiң 2-т. 4-тармақшасы) тiркелген жағдайда - баланың туу туралы акт жазуына - әкесi туралы мәлiметтер енгiзiледi; баланың әкесiнiң аты өзгертiледi және ата-аналардың өтiнiшiмен оның фамилиясы өзгертiледi.
7.5. Некеде тұрмайтын шешенiң баланың туу туралы акт жазуына баланың әкесi туралы (N 1175 Ереженiң 5-тармақшасы) мәлiметтердi енгiзу туралы өтiнiшi түскен жағдайда - баланың тууы туралы акт жазуына баланың әкесiнiң атын түзету жүргiзiледi;
7.8. Фамилиясын, атын, әкесiнiң атын өзгерткен жағдайда (N 1175 Ереженiң 2-т. 8-тармақшасы) мына жазуларға өзгертулер енгiзiледi;
Егер адам бұрын некеде тұрып фамилиясын өзгертудi тiркеу кезiнде некесi бұзылған жағдайларда өзгертулер енгiзу: 1) егер жұбайлар ажырасқаннан кейiн некеге отырғанға дейiнгi фамилияда қалса және өзiнiң тектiк фамилиясын өзгертсе, тууы туралы акт жазуына және некенi бұзу және некеге отыру туралы акт жазуына; 2) егер ерлi-зайыптылардың бiреуi ажырасқаннан кейiн екiншiсiнiң фамилиясында не оның алдындағы некесi бойынша ерiнiң (зайыбының) фамилиясында қалса, - некеге отыру және некенi бұзу туралы акт жазуына;
некенiң бұзылуына байланысты некеге дейiнгi, оның iшiнде тектiк фамилиясын өзгерткенде - некеге отыру және некенi бұзу туралы акт жазуына;
некеде тұратын адам некеге дейiнгi фамилиясын өзгерткенде - некеге отыру туралы акт жазуына ("некеге тұрғаннан кейiнгi фамилиясы" деген жолға);
некеде тұратын адамның некеге дейiнгi фамилиясын зайыбының фамилиясына өзгерткенде - некеге отыру туралы акт жазуына ("некеге тұрғаннан кейiнгi фамилиясы" деген жолға); егер некеге дейiнгi фамилия басқа фамилияға өзгертiлсе (зайыбының фамилиясына емес) - туу туралы акт жазуына және некеге отыру туралы акт жазуына ("некеге тұрғанға дейiнгi және тұрғаннан кейiнгi фамилия" деген жолға);
некеде тұратын адам, егер бұл адам некеге тiркелгеннен кейiн алдындағы неке бойынша зайыбының фамилиясында қалса, - некеге отыру туралы акт жазуына ("некеге отырғаннан кейiнгi фамилия" деген жолға);
некеде тұратын адамдарға қатысты атын немесе әкесiнiң атын өзгерткен жағдайда - сондай-ақ некеге отыру туралы акт жазуына, ал некесiн бұзған адамдарға қатысты - сондай-ақ неке бұзу туралы акт жазуына;
7.9. Ата-аналардың фамилиясын және әкесiнiң атын өзгерткен жағдайда (N 1175 Ереженiң 2-т. 9-тармақшасы) - жасы кәмелетке толмаған балалардың туу туралы акт жазуына балалардың фамилиясы мен әкесiнiң аты өзгертiледi.
Егер ата-анасының бiреуi ғана фамилиясын, атын және әкесiнiң атын өзгерткенде жасы кәмелетке толмаған, сондай-ақ кәмелетке толған балалардың тууы туралы акт жазуларында ата-аналары туралы мағлұматтар өзгертiледi. Егер бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазылса, мұндай өзгертулер асырап алынған балалардың туу туралы акт жазуына, сондай-ақ ұл асырап алу (қыз асырап алу) және әкелiктi анықтау туралы акт жазуына енгiзiледi.
Асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазылмаған асырап алушылардың фамилиясы, аты, әкесiнiң аты өзгертiлгенде, ұл асырап алу (қыз асырап алу) туралы акт жазуларына ғана өзгерту енгiзiледi.
7.11. Егер туу туралы акт жазуында қос есiм немесе әкесiнiң есiмi қосарланып көрсетiлсе (N 1175 Ереженiң 12-тармақшасы) тиiстi жазуға, сондай-ақ қос есiм немесе әкесiнiң есiмi қосарланып көрсетiлген басқа да жазуларға өзгертулер енгiзiледi.
7.13. Егер азаматтық хал актiсi жазуында ата-аналардың фамилиясы, аты, әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе (N 1175 Ереженiң 2-т. 13-тармақшасы), өзгерту туу туралы акт жазуына, қажет жағдайда сондай-ақ бала асырап алу (қыз асырап алу) және әкелiктi анықтау туралы акт жазуына енгiзiледi;
7.14. Егер азаматтық хал актiсi жазуында қате мәлiметтер (N 1175 Ереженiң 2-т. 14-тармақшасы) көрсетiлсе, өзгертулер сәйкес жазуға, сондай-ақ ұқсас қате мағлұматтар көрсетiлген басқа да жазуға;
7.16. Егер туу туралы акт жазуында кiшiрейтiлген, еркелетiп қойылған немесе қысқартылған есiм (N 1175 Ереженiң 2-т. 17-тармақшасы) көрсетiлсе - туу туралы акт жазуына, сондай-ақ осындай ұқсас толық емес есiмдi қамтитын басқа да жазуларға;
7.17. Егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалаулар, мәлiметтердi немесе жекелеген сөздердi) (N 1175 Ереженiң 18-тармақшасы) жiберiлсе - осы қателер жiберiлген жазуларға;
7.18. Жынысын өзгертуге байланысты (N 1175 Ереженiң 2-т. 19-тармақшасы) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын түзеткен жағдайда - туу туралы акт жазуына, қажет жағдайда басқа да жазуларға;
7.19. Ұлттық дәстүр бойынша (N 1175 Ереженiң 20-тармақшасы) фамилиясын әкесiнiң немесе атасының есiмiнен туындайтын (әкесi жағынан сияқты, шешесi жағынан да) фамилияға өзгерткен жағдайда - туу туралы акт жазуына, қажет жағдайларда басқа да жазуларға;
8. Жазуларға өзгерту, толықтыру және түзету ондағы мәлiметтердi сызып тастау және жазудағы тиiстi жолдарға жаңа немесе қосымша мәлiметтер енгiзу жолымен жүргiзiледi.
9. Азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi бастапқы (қалпына келтiрiлген жазу табылған жердегi аудандық қалалық) АХАЖ бөлiмi жасайды.
Азаматтық хал актiлерi жазуларына енгiзiлген өзгертулер, толықтырулар және өзгертулер туралы аудандық әдiлет органының облыстық (Алматы қалалық) АХАЖ архивiне хабарланады.
Азаматтық хал актiлерi жазуының екiншi данасына белгi соғылады. Белгi мәтiнiнде қандай өзгертулер, толықтыру немесе түзету жасалғандығы және олар енгiзiлгенде негiзге алынған құжат атауы, оның номерi, кiмнiң және қашан бергенi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Белгi мәтiнiне аумақтық Әдiлет органының облыстық (Алматы қалалық) АХАЖ бөлiмi архивiнiң мөртаңбасы қойылады. (N 4 қосымша).
11. Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылғанда азаматтық хал актiлерi жазуларына енгiзiлген фамилияны, есiмдi, әкесiнiң атын, туған күнi мен жерiн өзгерту туралы аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi 7 күн мерзiм iшiнде аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа хабарлайды.
2 II-тарау. Жоғалған азаматтық хат актiлерi жазуларын қалпына келтiру
Арыз берушiге берiлетiн (жолданатын) хабарламада акт жазуының жоқ екендiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ акт жазуын қалпына келтiру мәселесi бойынша тұратын жерiндегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне бару тәртiбi түсiндiрiледi.
Жазу болмаған жағдайда хабарлама тек арызда көрсетiлген елдi мекеннiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтабының бiрiншi даналары сақталуға тиiс аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнде жазудың бар не жоқтығын тексерген соң берiледi (жолданады).
14. Азаматтық хал актiлерi жазуларын қалпына келтiрудi бұл жазулар жоғалған аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмдерi жасайды.
15. Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы өтiнiш өтiнiш берушiнiң тұрған жерiндегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне белгiленген үлгi бойынша (N 6 қосымша) берiледi.
16. Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы өтiнiш қатысты жазу жасалған адам арқылы берiледi.
17. Әскери училищелердiң курсанттары, әскери-оқу орындарының тыңдаушылары, жоғарғы оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiнiң студенттерi, орта арнаулы оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiнiң сондай-ақ кәсiптiк-техникалық училищелер оқушылары орны бойынша аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне арыз бере алады.
19. 18 жасқа толмаған балалардың азаматтық хал актiлерi жазуларын қалпына келтiру туралы арыз олардың ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылары мен қорғаншылары, сондай-ақ жасы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге алған басқа адамдар мен мекемелер арқылы берiледi.
20. Психикалық ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi себебiнен белгiленген тәртiпте әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық хал актiлерi жазуын қалпына келтiру туралы арыз олардың қамқоршылары арқылы берiледi.
21. Қамқорлық белгiленген адамдарға қатысты азаматтық хал актiлерi жазуын қалпына келтiру туралы арыз олардың қамқоршылары арқылы берiледi.
22. Өлген адамға қатысты азаматтық хал актiлерi жазуын қалпына келтiрудi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмдерi азаматтық хал актiсiн тiркеу фактiсiн белгiлеу туралы сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi.
23. Арызға мыналар қоса берiледi:
- арыз берушi мен оның жақын туыстары туралы мағлұматтар толық көрсетiлген өмiрбаян;
- жазбаны қалпына келтiру үшiн қажет мәлiметтердi дәлелдейтiн құжаттар аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң меңгерушiсi арқылы куәландырылған жеке бас куәлiгiнiң, әскери билетiнiң көшiрмелерi, сондай-ақ еңбек кiтапшасының, неке, некенi бұзу, балаларының, аға-iнiлерiнiң, апа-қарындастарының туу туралы куәлiктерiнiң, ал өлген адамға қатысты - аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң меңгерушiсiнiң сияқты, нотариустың да куәландырылған өлгендiк туралы куәлiгiнiң көшiрмелерi;
- екi фотосурет (бiреуi арыздың жоғарғы бұрышына жапсырылды және аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң мөрiмен куәландырылады, екiншiсi жоғалған жазуды қалпына келтiретiн және жаңа куәлiктiң көшiрмесiн беретiн жердегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне жiберiлетiн қорытындыға жапсырылады);
- туу туралы медициналық мекеменiң анықтамасы, емдеу және мектепке дейiнгi мекемелердiң және баланың туған уақытысын растайтын басқа да оқу орындарының анықтамалары;
Әскери қызметшiлер қызмет орны бойынша азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiруге қатысы бар мәлiметтермен әскер бөлiмiнiң анықтамасын ұсынады.
24. Арыз бен оған қоса берiлген құжаттарды аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi мұқият зерттейдi және салыстырады. Құжаттардағы дұрыстығы күмән тудыратын жазбалар мен фактiлердi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi тиiстi органдарға талап ету жолымен тексередi.
25. Қоса берiлген құжаттар мен тексерулер нәтижелерi негiзiнде аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмi белгiленген үлгiде азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы немесе бұдан бас тарту туралы (N 6 қосымша) қорытынды жасайды.
26. Аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы немесе қалпына келтiруден бас тарту туралы қорытындысы екi данада жасалады.
27. Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы немесе одан бас тарту аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысы осы Ереженiң 6-тармағында көзделген тәртiпте аумақтық әдiлет органы бастығының (бастығының орынбасарының) бекiтуiне жатады.
Аудандық (қалалық) АХАЖ-дың аталған бөлiмiнде жазу қалпына келтiрiлген жағдайда қорытынды бiр данада жасалады.
28. Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiруден бас тарту туралы аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысында бас тартудың себептерi көрсетiлуi керек.
Акт жазуын қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда арыз берушiге шағым жасаудың сот тәртiбi түсiндiрiледi.
29. Туу туралы қалпына келтiрiлген акт жазуында адамның жасы егер олар бiр-бiрiне қайшы келмесе, бар құжаттардың негiзiнде (куәлiк, әскери билет, еңбек кiтапшасы, бiлiмi туралы құжат, арыз берушiнiң неке туралы, олардың балаларының туу туралы және басқа акт жазуларының көшiрмелерi) көрсетiледi.
30. Егер ұсынылған құжаттарда айы көрсетiлмей, тек қана туған жылы көрсетiлсе, онда туған күн осы жылдың 1-шiлдесi деп қабылданады.
30.1. Егер туған мезгiл деп жылдың бiрiншi жартысы белгiленсе, онда осы жылдың 1-сәуiрi туған күн деп көрсетiледi, егер екiншi жарты болса, онда осы жылдың 1-қазаны көрсетiледi.
30.2. Егер құжатта туған күнi деп күндi көрсетпей, жылы мен айы көрсетiлсе, онда туған күн деп тиiстi айдың 15-күнi есептеледi.
34. Арыз берушiнiң ұсынған құжаттарында және тексеру материалдарында адамның жасы туралы мағлұматтар болмаған немесе қайшы мәлiметтер болған, жағдайларда акт жазуын қалпына келтiру кезiнде медициналық мекеменiң оның жасын анықтауға куәландыру жүргiзiледi.
Жасы туралы медициналық мекеменiң қорытындысына баланың куәландыруы аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң жолдамасы бойынша жүргiзiлген жағдайда ғана назар аударылу керек.
Бұл жағдайларда арыз берушi:
- медициналық мекеменiң туу туралы;
- баланың тұратын жерiндегi баланың есепте екендiгi туралы медициналық мекемеден;
- акт жазуының жоқтығы туралы аумақтық Әдiлет органының облыстық (Алматы қалалық) АХАЖ архивiнiң анықтамаларын ұсынады.
36. Тарихи Отанына оралған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға қатысты туу туралы мерзiмiнен кешiктiрiлген акт жазуын тiркеу Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының анықтамасы негiзiнде жасалады.
37. Азаматтық хал актiлерi жоғалған жазуларын қалпына келтiру туралы арыздар, сондай-ақ тiркеу үшiн бекiтiлген мерзiмнен кешiктiрiлген тууды тiркеу туралы арыздар бекiтiлген үлгiдегi (N 8 қосымша) арыздарды есепке алу арнайы журналында тiркеледi.
38. Қалпына келтiрiлген акт жазуын тiркеу жойылған жазба болған жердегi аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiмен ағымдағы тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген акт жазуларын тiркеу кiтабында жүргiзiледi.
39. Қалпына келтiрiлген акт жазуларын нөмiрлеу бiрiншi нөмiрден басталады және бiр жыл iшiнде рет-ретiмен жүргiзiледi. Басқа азаматтық хал актiлерi тiркеу туралы қалпына келтiрiлген жазулар "В" әрпi және қалпына келтiрiлген жазудың реттiк нөмiрi қосылып, оның алдында тұрған жазудың
Қалпына келтiрiлген жазу негiзiнде берiлетiн куәлiктерге белгi немесе
"жазу қалпына келтiрiлдi" деген мөр қойылады.
Берiлген куәлiктiң сериясы мен нөмiрi қалпына келтiрiлген жазудың екi
данасында да көрсетiледi.
N 1 қосымша
__________________________________________
(аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң атауы)
__________________________________________
__________________________________________
аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне
__________________________________________
(тұрақты тұратын жерi)
__________________________________________
фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
ӨТIНIШ
_______________________________________________________________
(арыз берушi қашан және қандай органмен жасалған жазуға
_______________________________________________________________
қандай өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi сұрайды)
Акт жазуына мынадай өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер
енгiзудi сұраймын______________________________________________
_______________________________________________________________
(өзгерту, толықтыру және түзету туралы өтiнiштiң мазмұны)
_______________________________________________________________
Сонымен бiрге өзiм туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын:
1. Фамилиясы..........................|________________________
Аты................................|________________________
Әкесiнiң аты.......................|________________________
2. Туған күнi (күнi, айы, жылы).......|________________________
3. Туған жерi (село, аудан, қала, |
облыс, өлке, республика)...........|________________________
4. Ұлты...............................|________________________
5. Отбасылық жағдайы (ерiнiң(зайыбының)
фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның |
туған күнi, айы, неке |
тiркелген уақыт және орын) |
...................................|________________________
...................................|________________________
6. Әскери қызметке қатысы: |
а) әскери есепте қай жерде тұрады.....|
...................................|________________________
ә) әскери қызметте болған жағдайда |
қаланың аты мен әскер бөлiмiнiң |
нөмiрi.............................|________________________
7. Жеке басы куәлiгiнiң нөмiрi, |
кiммен және қашан берiлген.........|
...................................|________________________
8. Балалары туралы мәлiметтер |
(олардың фамилиясы, аты, әкесiнiң |
аты, туған күнi, айы, жылы тууын |
тiркеу уақыты және орыны, арыз |
беру мерзiмiне дейiнгi тұрған жерi)|
...................................|________________________
...................................|________________________
...................................|________________________
...................................|________________________
9. Бұрын фамилиясын, атын, әкесiнiң |
атын ауыстыруды ма, егер ауыстырса,|
олардың қайсысы, қашан және қандай |
аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнде |
...................................|________________________
...................................|________________________
10. Жазуға өзгертулер, толықтырулар, |
түзетулер енгiзу себебi...........|________________________
Арызға жазуды өзгерту, толықтыру және түзету қажеттiлiгiн
растайтын мынадай құжаттарды, сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған
балалардың тууы туралы куәлiктерiн қоса беремiн:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
6. ____________________________________________________________
7. ____________________________________________________________
8. ____________________________________________________________
9. ____________________________________________________________
10.____________________________________________________________
11.____________________________________________________________
12. ___________________________________________________________
13. ___________________________________________________________
14. ___________________________________________________________
Қылмыстық кодекстiң 184-бабы бойынша жалған мәлiметтер жауапкершiлiгi
туралы ескертiлдi.
"_____"_____________ 199 ___ ж. Қолы ______________
N 2 қосымша
Азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер,
толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы
өтiнiштердi есепке алу
ЖУРНАЛЫ
__________________________________________________________________
N |Өтiнiштiң |Арыз беру.|Арыз |Өтiнiштiң мәнi: |
|түскен күнi,|шiнiң фа. |берушiнiң|қысқаша мазмұны: |
|кiммен қа. |милиясы, |тұрақты |арыз берушi АХАЖ-дың қандай |
|былданды |аты, әке. |тұратын |бөлiмiмен, қай жерде қашан |
| |сiнiң аты |жерi |жасалған, қандай жазуға |
| | | |қандай өзгертулер, толықты. |
| | | |рулар мен түзетулер енгiзудi|
| | | |сұрайды |
__|____________|__________|_________|____________________________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
__|____________|__________|_________|____________________________|
______________________________________________
өзгертулер, толықтырулар |Материалдар қашан, |
мен түзетулер қашан, |қандай нөмiрмен |
қандай жазуға енгiзiлген,|және қандай аудандық|
жазудың нөмiрi мен жазыл.|(қалалық) АХАЖ |
ған күнi |бөлiмiне жiберiлген |
_________________________|____________________|
6 | 7 |
_________________________|____________________|
N 3 қосымша
"БЕКIТIЛГЕН"
Әдiлет басқармасының
бастығы (бастықтың орынбасары)
__________________ облысының
"___"_____________ 199 ___ ж.
мөрi _____________ қолы
Азаматтық хал актiсi жазуына
өзгертулер (толықтырулар мен
түзетулер) енгiзу туралы
(қажеттiсiн көрсету)
ҚОРЫТЫНДЫ
______________________________________________________________
(ауданының (қаласының) облысының)
аудандық қалалық АХАЖ бөлiмiмен азамат _______________________
(фамилиясы, аты,
______________________________________________________________
әкесiнiң аты)
______________________________________________________________
(қандай, қашан, АХАЖ-дың қандай бөлiмiмен
______________________________________________________________
жасалған жазуға)
акт жазуына өзгертулер, толықтырулар, түзетулер енгiзу туралы
арызы қаралды.
Арыз берушiнiң ұсынған мына құжаттары расталады:
______________________________________________________________
(құжаттар аталады)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
АНЫҚТАЛДЫ
______________________________________________________________
(АХАЖ-дың қандай бөлiмiмен жасалған)
N _______ ___________ жасалған _______________________________
туралы акт жазуында __________________________________________
______________________________________________________________
(арыз берушiнiң акт жазуын өзгертудi, толықтыруды, түзетудi
______________________________________________________________
өтiнген мағлұматтары көрсетiледi).
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_________________________________________________________ бар.
Тексеру нәтижесiнде __________________________________________
(АХАЖ бөлiмiмен жүргiзiлген тексерулер
______________________________________________________________
қорытындысын көрсету)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
__________________________________________________ анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 қыркүйектегi N 1175
қаулысымен бекiтiлген азаматтық
хал актiлерi жазуларын өзгерту,
қалпына келтiру және жою тәртiбi
және азаматтық хал актiлерiн
тiркеу кiтаптарын сақтау мерзiмдерi
туралы ережеге сәйкес
МЫНАДАЙ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
мұнан басқа мынадай азаматтық хал актiлерi жазуларына өзгертулер
енгiзiлуi қажет ______________________________________________
(олардың нөмiрлерiн, жасалған
______________________________________________________________
күнiн, жерiн және оларға қандай өзгертулер
______________________________________________________________
енгiзiлу керектiгiн көрсетiп нақты жазулар аталады)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң
меңгерушiсi __________________
қолы
Елтаңбалы мөр "___"__________ 199 ___ж.
N 4 қосымша
_______________________________
|____________________ облысының|
| әдiлет басқармасы АХАЖ |
| бөлiмiнiң архивi |
|______________________________|
(сурет)
N 5 қосымша
Облыстың (Алматы қалалық) АХАЖ _______________________________
(арыз берушiнiң
бөлiмi архивiнiң дөңгелек мөрi _______________________________
мекен-жайы)
Азамат ________________________
(фамилиясы,
_______________________________
аты, әкесiнiң аты)
ХАБАРЛАУ
__________________ жылғы азамат ______________________________
(жазудың атауы)
______________________________________________________________
туралы акт жазуы _____________________________________________
(тексеру жүргiзiлген елдi
______________________________________________________________
мекеннiң атауы)
____________________ облысының әдiлет басқармасы АХАЖ бөлiмiнiң
архивiнде жоқ.
Әдiлет басқармасы АХАЖ
М.О. бөлiмi архивiнiң меңгерушiсi
_____________________ облысы ______________
(қолы)
"__"_____________ 199__ ж.
Азаматтардың есiне:
Осы хабарды алғаннан кейiн азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру мәселесi бойынша Сiз өзiңiздiң тұрақты тұратын жерiңiз бойынша аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне келуiңiз керек.
Қосымша түсiндiремiз:
Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1. Осы хабарлама.
2. Өзi туралы және оның жақын туыстары туралы мағлұматтарды анық көрсетумен өмiрбаян.
3. Жазуды қалпына келтiру үшiн қажеттi мағлұматтарды растайтын құжаттар (жеке басы куәлiгiнiң, әскери билетiнiң, еңбек кiтапшасының, неке туралы, некеден ажырасу, балалардың, аға, апаларының тууы туралы, ата-аналары туралы мағлұматтардың, өлгендерге қатысты өлгендiгi туралы куәлiктiң көшiрмелерi).
4. Екi фотосурет.
5. Туу туралы медициналық мекеменiң анықтамасы, баланың туған
және басқа оқу орындарының анықтамалары.
6. Әскери қызметшiлер қызмет орны бойынша азаматтық хал актiсi жазуын
ұсынады.
N 6 қосымша
_______________________________
(аудандық (қалалық) АХАЖ
_______________________________
бөлiмiнiң атауы)
аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiне
_______________________________
(тұрақты тұратын жерi)
_______________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
ӨТIНIШ
_____________________________________________ туралы акт жазуын
_____________________________________________
(арыз берушiнiң азаматтық хал актiсi)
______________________________________________________ қалпына
жазуын қай жерде қалпына келтiрудi сұрайтынын көрсету)
келтiрудi сұраймын.
Бұған қоса өзiм туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын:
1. Тектiк фамилиясы... ____________________________
2. Туған күнi (күнi, айы, жылы)..._________________
3. Туған жерi (қала, елдi мекен),
республика..._________________
4. Ұлты ..._________________
5. Отбасылық жағдайы ( ерiнiң
(әйелiнiң) фамилиясы, аты,
әкесiнiң аты, оның туған
күнi, айы, жылы, некенi
тiркеген уақыты мен орны)..._________________
............................_________________
............................_________________
............................_________________
6. Әскери қызметке қатысы:
а) әскери есепте қай жерде тұрады _________________
ә) әскери қызметте болған жағдайда
қаланың аты мен әскери бөлiмiнiң
нөмiрi _________________
7. Жеке басы куәлiгiнiң нөмiрi,
кiммен және қашан берiлген _________________
8. Тұрған уақытысын көрсетумен,
арыз берушiнiң тұрған жерлерi.
нiң толық тiзiмi _________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
9. Балалары туралы мәлiметтер ________________________
(олардың фамилиясы, аты, әкесiнiң ________________________
аты, туған күнi, айы, ________________________
жылы және жерi) ________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
10. Ата-анасы туралы мәлiметтер: ________________________
Әкесi (фамилиясы, аты, әке. ________________________
сiнiң аты, туған күнi, айы, ________________________
жылы, ұлты) ________________________
11. Ағалары мен аналары туралы мәлi. ________________________
меттер (фамилиясы, аты, әке. ________________________
сiнiң аты, туған күнi, айы, ________________________
жылы, туған жерi, ұлты) ________________________
..................................________________________
..................................________________________
..................................________________________
..................................________________________
..................................________________________
..................................________________________
..................................________________________
Азаматтық хал актiсi жазуын қалпына келтiру үшiн қажеттi мынадай
құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
4. ____________________________
5. ____________________________
6. ____________________________
7. ____________________________
8. ____________________________
9. ____________________________
10.____________________________
11.____________________________
12. ___________________________
13. ___________________________
14. ___________________________
Қылмыстық кодекстiң 184-бабы бойынша жалған мағлұматтарға
жауапкершiлiгi туралы ескертiлдi.
"_____"_____________ 199 ___ ж. Қолы ______________
N 7 қосымша
"БЕКIТIЛГЕН"
__________________________ облысының
Әдiлет басқармасының бастығы (бастықтың орынбасары)
"____"_________________ 199 ____ж.
___________________________ қолы
Туу, некеге отыру, некенi бұзу, әкелiктi анықтау
бала асырап алу, фамилиясын, атын, әкесiнiң атын
өзгерту, өлгендiк туралы азаматтық хал актiсi
жазуын қалпына келтiру туралы (бас тарту туралы)
(қажеттiсiн сызып көрсету)
ҚОРЫТЫНДЫ
____________________ облысының әдiлет басқармасы АХАЖ бөлiмiмен
_______________________________________________________________
(жазу қашан және АХАЖ-дың қандай
_______________________________________________________________
бөлiмiмен жасалған)
жасалған _______________________________________________ туралы
акт жазуын қалпына келтiру туралы (бас тарту туралы)
азамат _______________________________________ өтiнiшi қаралады.
Арыз берушi өз өтiнiшiн растауға ______________________________
____________________________ туралы акт жазуының жоқтығы туралы
_______________________________________ АХАЖ архивiмен берiлген
анықтаманы және мұнан басқа мына құжаттарды ұсынады: __________
_______________________________________________________________
(кiммен және қашан берiлген, олардың нөмiрлерi мен
_______________________________________________________________
берiлген күнi көрсетiлiп құжаттар атап көрсетiледi)
_______________________________________________________________
Тексеру қорытындылары бойынша арыз берушiмен ұсынылған құжаттар
негiзiнде
АНЫҚТАЛДЫ
Азамат ________________________________________________________
(арыз берушiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
тектiк фамилиясы ______________________________
_______________________________________________________________
(туған жерi, қала, елдi мекен, аудан, облыс, өлке, республика)
_________________________________________________________ туған
(туған күнi, айы, жылы)
_______________________________________________________________
(арыз берушiнiң туған күнi мен туған жерiн растайтын
_______________________________________________________________
құжаттар атап көрсетiледi)
_______________________________________________________________
құжаттары мен расталатын_______________________________________
(арыз берушiнiң келген
________________________________________________________ тұрады.
мерзiмдегi тұрақты тұратын жерi)
_______________________________________________________________
(арыз берушi келген мерзiмде қайда және кiм болып
_________________________________________ жұмыс iстейдi (оқиды).
iстейдi)
Арыз берушiнiң ата-анасы
Әкесi _________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, ұлты)
_______________________________________________________________
(Әкесi туралы мағлұматтарды растайтын құжаттар
_______________________________________________________________
аталады)
құжаттармен расталады.
Шешесi ________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, ұлты)
_______________________________________________________________
(Шешесi туралы мағлұматтарды растайтын құжаттар
_______________________________________________________________
аталады)
құжаттармен расталады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 қыркүйектегi
N 1175 қаулысымен бекiтiлген азаматтық хал актiсi жазуларын өзгерту,
қалпына келтiру және жою тәртiбi және азаматтық хал актiлерiн тiркеу
кiтаптарын сақтау мерзiмдерi туралы.
Ережеге сәйкес мұндай қорытынды жасалады:
Азамат _______________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
______________________________________________ туралы акт жазуы
_______________________________________________________________
(арыз берушiнiң тұратын жерiндегi аудандық қалалық
_______________________________________________________________
АХАЖ бөлiмiн көрсету)
қалпына келтiруге (мерзiмiн өткiзумен тiркеуге) жатады.
аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң меңгерушiсi _____________
қолы
Елтаңбалы мөр "___"_______________ 19 __ ж.
N 8 қосымша
Азаматтық хал актiлерi жазуларын қалпына
келтiру туралы және белгiленген мерзiмде
өткiзумен туған күнiн тiркеу туралы
өтiнiштердi есепке алу
ЖУРНАЛЫ
__________________________________________________________________
N |Өтiнiштiң |Арыз беру.|Арыз |Арыздың қысқаша мазмұны: |
|түскен күнi,|шiнiң фа. |берушiнiң|қай жерде, қашан және қандай|
|кiммен қа. |милиясы, |тұрақты |аудандық (қалалық) АХАЖ |
|былданды |аты, әке. |тұратын |бөлiмiнде жасалған қандай |
| |сiнiң аты |жерi |жазуды қалпына келтiрудi |
| | | |сұрайды |
___|____________|__________|_________|____________________________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
___|____________|__________|_________|____________________________|
_________________________________________________________________
Арыз берушiнiң | Қалпына келтiрiлген |қалпына келтiрiлген
туған күнi мен |жазу қашан тiркелген |жазуды тiркеу үшiн
туған жерi (мер. |(мерзiмiн өткiзумен |(мерзiмiн өткiзумен
зiмiн өткiзумен |туған күнi) жазудың |туған күнi) материалдар
туған күнiн |нөмiрi мен жазылған |қандай аудандық
тiркеген жағдайда)|күнi |(қалалық) АХАЖ бөлiмiнде
| |қашан, қандай нөмiрмен
| |жiберiлген
__________________|_____________________|________________________
6 | 7 | 8
__________________|_____________________|________________________