Кәсіпкерлік қызметгің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық
ставкаларын белгілеу туралы.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 394 бабының талабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы от 25.12.2006 г. № 22-26 (Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы)
1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жылдық жиынтық салық ставкалары төмендегі айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін:
1) Ойын үстелі - 2200;
2) Бір ойыншынмен ойнауға арналған ақшалай
ұтысты бар ойын автоматы - 50;
3) Бірнеше ойыншыны қатынастыруға арналған
ақшалай ұтысы бар ойын автоматы - 80;
4) Бір ойыншымен ойнауға арналған ұтыс ақшасыз
ойын автоматы - 10;
5) Бірнеше ойыншымен ойнауға арналған ұтыс
ақшасыз ойын автоматы - 15;
6) Ойын ойнауға арналған жеке компьютер - 10;
7) Бильярд столы - 30.
Тіркелген жылдық жиынтық салық ставкалары обьектісіне белгіленген.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 22 қазандағы XIҮ сессиясының «Ойын бизнесі субьектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» №14-12 шешімінің күші жойылсын.
КЕЛІСІЛДІ:
Ұлытау ауданының әкімі
Р.Әбдікеров
Аудан бойынша салық
комитетінің төрағасы
Ә.Жандарбеков
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Т.Шайхин
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
Ә.Түсіпбеков
Аудандық кәсіпкерлікті қолдау
бөлімінің меңгерушісі
Г.Ауғанова