Об установлении Требований минимального состава экипажа судна
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Требований минимального состава экипажа судна
- Атауы (қаз.)
- Кеме экипажының ең аз құрамы талаптарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 11.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2011 AI31177_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004508_
- ЭКБ идентификаторы
- 31177
- Редакция идентификаторы
- AI31177_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:33
0 Кеме экипажының ең аз құрамы талаптарын белгілеу туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б.Тұрлыханов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ә.Қ.Құсайыновқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
N 323 бұйрығымен бекітілді
Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары
1 1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мүшелерінің тиісті біліктілігі бар және құрамы кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қажет кеме экипажының ең аз құрамының (бұдан әрі - ең аз құрам) санын белгілейді.
2 2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде және бербоут-чартерлік тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге таралады.
3 3. Кеменің осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жылғы мерзімге Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.
4 4. Кеме экипажының саны осы Талаптарға қоса берілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгеннен кем болғанда, кеме теңізге шығуға жіберілмейді.
5 5. Жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кемелік командаға қызмет көрсететін қызметкерлер ең аз құрамға кірмейді.
6 6. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелердегі ең аз құрамға рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механиктің қызметі кіргізіледі.
Басты дизель-электр қондырғылы кемелердегі ең аз құрамға жолаушылар кемесінде екі электр механигі және басқа үлгідегі кемелерде бір электр механигі кіргізіледі.
"А" нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам бір теңізші (рульдеуші) - моторшыға арттырылуы тиіс.
"А" нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам тиісті мамандығы бар бір маманға арттырылуы тиіс.
7 7. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан артық кемелерді сүйрегіш кемелермен сүйреуді жүзеге асыру кезінде, сүйрегіш кеме экипажының штатына ең аз құрам нормативтеріне қосымша әрбір екі кемеге қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүретін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде қатардағы құрамның саны кеменің (құрамның) алдыңғы және артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз етуі тиіс.
8 КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
8. Осы Талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі кемеге оны пайдалануға дейін берілетін экипаждың штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.
КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттігі бойынша,
1974 жылғы Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық
конвенцияның V/14 (2) ережесі шарттарының түзетулерімен және ИМО
1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясының негізінде
берілді.
Кеме туралы мәліметтер
1 1. Кеменің атауы______________________________________________
2 2. Тіркеу нөмірі немесе шақыру дабылы_________________________
3 3. ИМО нөмірі_________________________________________________
4 4. Тіркеу порты ___________________________________________
5 5. Жалпы сыйымдылығы:
(1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенция бойынша) __________________________________________________________
8 8. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық үй-жай____________
9 9. Жүзу ауданы ___________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген кеме, егер теңізге шыққан кезде бортында
төмендегі кестеде көрсетілген саннан және лауазымдардан/персоналдың
шендерінен кем емес экипажы бар болса, ол экипажбен толық қамтамасыз
етілген болып саналады.
Келесі жағы
Лауазымы/шені
Диплом (ПДМНВ конвенциясының ережесі)
Тұлғалардың саны
Капитан
Капитанның аға көмекшісі
Капитанның көмекшісі
Теңізші
Аға механик
Екінші механик
Электрмеханик
Механиктер
Моторшылар
Радиоэлектроника бойынша капитанның көмекшісі
Аспазшы
Кестеде көрсетілген экипаж мүшелерінің біліктілігі мен саны
ИМО 1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясына сәйкес
кеменің, адамдардың, жүктің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Ерекше талаптар немесе шарттар, егер осындайлар бар болса_____
Теңіз портының капитаны берді_________________________________
қолы _________________________ Мөрі
Берілген күні ________________ қолданылу мерзімі ____ ________