О размещении государственного заказа и обучения безработных и незанятого населения в учреждениях профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного заказа и обучения безработных и незанятого населения в учреждениях профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тапсырысты орналастыру және жұмыссыздар мен еңбекке тартылмаған тұрғындарды кәсіптік білім мекемелерде оқыту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 12.02.1999
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2008 AI3122_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99S000067_
- ЭКБ идентификаторы
- 3122
- Редакция идентификаторы
- AI3122_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:20
0 Мемлекеттік тапсырысты орналастыру және жұмыссыздар мен еңбекке тартылмаған тұрғындарды кәсіптік білім мекемелерде оқыту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008.07.30 № 21 Шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жекешелендiру мен құрылымсыздандырудың секторлық бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65, 1999 жылдың мемлекеттiк бюджетiн әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Бiлiм, және денсаулық сақтау министрлiгiнiң бағдарламасы мен көмекшi бағдарламасын бекiту жөнiндегi" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737, "Қазақстан Республикасындағы орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 26 тамыздағы N 812 қаулысын орындау мақсаттарында ШЕШIМ қабылдаймын :
1 1. Бiлiм департаментiне (Ваховский Ф.И.):
- мемлекеттiк емес бастауыш және мемлекеттiк орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау мемлекеттiк тапсырысты конкурстық негiзде орналастыру арқылы жүзеге асырылсын.
- мемлекеттiк тапсырыс мемлекеттiк сатып алулар туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қалыптастырылсын.
2 2. Бiлiм департаментiне (Ваховский Ф.И.) облыстық жұмыспен қамту орталығымен (Потуданская Н.Ф.) бiрлесе отырып:
- жұмыссыздар және еңбекке тартылмаған тұрғындарды оқыту үшiн аймақтық орталық ретiнде пайдаланылатын базалық кәсiптiк-техникалық оқу орындарының тiзбесiн айқындалсын;
- жұмыссыздар және еңбекке тартылмаған тұрғындарды даярлау және қайта оқытуды ұйымдастыру үшiн қалалар мен аудандарда кәсiптiк-техникалық оқу орындарын барынша тиiмдi пайдалану жөнiндегi бiрлескен әзiрлесiн.