Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциз ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ қабылданған, 2002 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Кодексінің (Салық кодексі) 257, 258, 392, 394, 395 бабтарына сәйкес аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциз ставкаларын бекіту туралы от 20.12.2006 г. № 34/333 (Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциз ставкаларын бекіту туралы)
1. Ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салық және акциздер ставкалары 2007 жылдың 1 қаңтар айынан бастап №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шет ауданы бойынша салық комитетіне бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірінғай салық ставкаларын қолдану тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
Шет аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
XXXIV -сессиясының
№34/333 шешіміне
№1 қосымша
Шет ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы
№
Атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Салық ставкасы
Акциз
1
2
3
4
5
6
1
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
1
Айлық есептік көрсеткіш
100 (айлық есептік көрсеткіш)
20
2
Ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1
-
15 (айлық есептік көрсеткіш)
3
Жеке компьютер
1
-
10 (айлық есептік көрсеткіш)
4
Бильярл үстелі
1
-
200 (айлық есептік көрсеткіш)