Қолданыстағы ред. 26.12.2006

Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшауды (карантинді) алу туралы от 26.12.2006 г. № 229/12 (Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшауды (карантинді) алу туралы)

0

Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшауды (карантинді) алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2006 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Баянауыл аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшау (карантин) алынсын.

2

2. Қызылтау селолық округінің әкімі Қ. Молдашбековке, Қызылтау селолық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы М. Исинге 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырмау шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.

3

3. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
Баянауыл аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Р. Нұргалиев
25 12 2006