Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшауды (карантинді) алу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшауды (карантинді) алу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2006 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Баянауыл аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылтау селолық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған оқшау (карантин) алынсын.
Тармақ 2
2. Қызылтау селолық округінің әкімі Қ. Молдашбековке, Қызылтау селолық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы М. Исинге 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырмау шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Д. Рахметовке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р. Нұргалиев 25 12 2006