Аягөз ауданындағы елді мекемендердің аумақтарын көріктендіру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аягөз ауданындағы елді мекемендердің аумақтарын көріктендіру Ережесін бекіту туралы от 11.12.2006 г. № 01-02/31-5 (Аягөз ауданындағы елді мекемендердің аумақтарын көріктендіру Ережесін бекіту туралы)
1. Аягөз ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Аягөз қала әкімінің ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қ. Байахметовке жүктелсін.
3. Осы шешім Аягөз аудандық Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап заңды күшіне енсін.
Аягөз аудандық мәслихатының
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 01-02/31-5 шешіммен
бекітілген
Аягөз ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереженің мақсаты Аягөз ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілеу болып табылады.
2. Қала аумағында адамзаттың қолайлы және ыңғайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін, Семей қаласында көркейту, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтау осы қағидалардың мақсаты болып табылады.
3. Тұрақты тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар ұжымдарының, тұрғындардың өздеріне бөлінген және бекітілген аумақтарды жинауға және жасыл екпелерді күтуге қатысуы міндетті болып саналсын.
4. Кәсіпорындар, меншік түріне қарамастан, жекеменшік үй иелері бөлінген және бекітілген аумақтарда сәулет және санитарлық нормаларға сәйкес өз қаражаты есебінен:
1) тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік және сауда ғимараттарын, бекеттерді, әуежайларды, кеме тұрақтарын, стадиондар мен басқа нысандарды;
2) көшелерді, алаңдарды, өту жолдарын, аула аумақтарын, жаяужолдарды, жағажайларды, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыру орындарын, базарларды және базар алаңдарын, қалалық зираттарды жанама аумақтарымен, автокөлік тұрақтарын;
3) қоршауларды, қашаларды, көгал қоршауларын, жарнаманың барлық түрлері мен жарнама қондырғыларын, ғимараттар мен ескерткіштерді сәнді жарықтандыру қондырғыларын, көше жарықтарының шамдарын, маңдайшадағы жазуларды, витриналарды, тірек бағандарын, көше сағаттарын, мемориалдық тақталарды, көше атауларының көрсеткіштерін, үйлердің нөмірлік белгілерін, бақ-парк орындықтарын, урналарды, қол арбаларды, науаларды, жолаушылар көлігі аялдамаларындағы отырғызу алаңшалары мен павильондарды;
4) жол өткелдерін, су құбырларын, трансформаторлық қондырғыларды, көшелер мен алаңдардың жол жабынын, көше қозғалысын реттеу белгілерін, телефон будкаларын, радиотрансляциялық қондырғыларды, антенналарды, телефон байланысының және метеорологиялық қызметтердің будка-постарын, диспетчерлік қызметтердің сөйлесу қондырғыларын, қайық, құтқару станциялары және басқа гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық имараттарды күтіп ұстауға;
5) бөлінген және бекітілген аула аумақтарын: оларды үнемі көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқысты тасып шығару, құм себу, суаққылар мен дренаждарды тазарту, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге жол бермеу керек;
6) жұмсалмайтын қорды құрайтын және заңмен қатаң қорғалатын жасыл екпелерді, олардың ведомстволық қарастылығынан тәуелсіз, аялап қорғауға;
7) агротехникалық іс-шаралардың толық кешенін: суару, бұталарын кесу, діңгектерін әктеу, тамыр маңындағы өскіндерді жою, тыңайтқыштар себу, діңгек маңын қопсыту, жарақаттарын залалсыздау және майлау, тесіктерін бітеу, көгалдарды ору жүргізуге;
8) зиянкестер мен карантиндік арамшөптерді (арам шырмауық, ойраншөп, кендір және басқаларды) жою жөніндегі жұмыстарды өз күштерімен немесе осы жұмыстарды орындауға лицензиясы бар мамандандырылған қызметтермен шарттар жасау бойынша жүйелі жүргізуге;
9) қала әкімдігінің қаулысы бойынша жыл сайын сәуір-мамыр айларында қала аумақтарын көркейту жөніндегі айлықтарды өткізуге;
10) жерасты коммуникацияларының иелері жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бүлдірілген көркін қалпына келтіруді уақытында жүргізуге міндетті.
2. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру тәртібі
5. Меншігінде жайлары бар немесе оларды жалдаушы кәсіпорындар (меншіктің кез келген үлгісіндегі), мекемелер, қоғамдық ұйымдар, пәтер иелерінің кооперативтері, кондоминиумдар, жеке тұлғалар, азаматтар бөлінген және бекітілген аумақтарды тазартуды жүргізеді, арнайы бөлінген жерлерде жабдықталған контейнерлік алаңшаларда орнатылған өздерінің үлгілік контейнерлеріне қоқысты жинайды, аула сыпырушылар штатын ұстайды, мамандандырылған кәсіпорындармен қоқысты тасып шығаруға шарттар жасайды немесе қатты тұрмыстық қалдықтардың қалалық полигонына арнайы жабдықталған көлікпен өздері тасып шығарады.
Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа, көшелерді, алаңдарды және басқа аумақтарды суару және жуу жүргізілуі қажет.
6. Жетілдіріліген жабындары бар көшелердің жүргін бөліктерін және алаңшаларды механикалық тазалау жоспарлы түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға дейін және күні бойы қажеттілік бойынша қайталап жүргізіледі.
Түнгі уақытта тазалау кезінде (маусымға қарамастан) шуды төмендететін шаралар қолданылуы керек.
Көшелердің жүргін бөліктерін, жаяужолдарды, алаңшаларды жуу жоспарлы тәртіпте, механикаландырылған қызметтермен сағат 24-тен таңғы сағат 6-ға дейін аптасына екі рет жүргізілуі қажет.
Шаңдылығы жоғары көшелерді жуу күнделікті кемі екі рет, оның ішінде күндіз кемі бір рет жүргізіледі.
7. Көшелердің жол төсемін, маңындағы көгалдарды, жаяужолдарды, құламаларды, «қызыл сызық» шектеріндегі қоғамдық көлік қозғалысы қиылыстарын, жалға алынғандардан басқа автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңшаларын, алаңдарды, автожол көпірлерін, жол өткелдерін, жер асты өту жолдарын, парктерді, саябақтарды, желекжолдарды, зираттардың (жеке меншіктегіден басқаларының) аумақтарын тазалау қалалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
8. Теміржолдар мен көпірлер, еңістер, үйінділер, өту жолдары, жолдар арқылы өтетін жерлер, шеткі рельстерден кейін ені 10 метр аумақтар осы имараттарды пайдаланатын теміржол ұйымдарының күшімен және қаражаты есебінен тазаланады.
9. Автобекеттерді, көлік шаруашылығының диспетчерлік пункттерін, диспетчерлік қызметтермен сөйлесу құрылғылары мен оларға бөлінген аумақтарды тазалау және ұстау, осы нысандар балансында тұратын көлік шаруашылығының ведомстволарымен жүзеге асырылады.
10 Бөлінген аумақтардағы инженерлік-техникалық және гидротехникалық имараттарды (газгольдерлер, ТШС және басқаларды) тазалау және ұстау осы имараттардың иелерімен жүргізіледі.
11. Өндірістік кәсіпорындар, сауда жасайтын ұйымдар, сауда нүктелері және халыққа қызмет көрсететін басқа пункттері бар жеке тұлғалар, сондай-ақ осы жайларды жалдаушылар және тұрғын үй иелері аумақты күні бойы тазалауды ұйымдастырады және жұмыс аяқталғаннан кейін аумақтың 10 метр радиусын қоқыстан және батпақтан тазалайды.
Дүңгіршектердің, палаткалардың, ұсақбөлшек сауда павильондары мен дүкендердің қасына ыдыстарды және тауар қорын қоймалауға, сондай-ақ бекітілген аумақтарды қойма үшін пайдалануға тыйым салынады.
12. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және қоғамдық дәретханалар меншік субьектілерімен шарт негізінде қалалық бюджет есебінен тиісті жағдайда ұсталады.
13. Базар аумағын, базар маңындағы аумақпен бірге жинау, қалдық жинауыштарды тазарту және оларды тиісті ұстау базарлардың меншік иелерімен жүргізіледі. Базарлар аумақтарының (оның ішінде шаруашылық, базар алаңдарының) қатты жамылғылары (асфальт, тақтайша, жұмыртас және басқа) болуы керек.
Жылдың жылы маусымында, міндетті түрде сыпырудан басқа, базар аумағын жуу жүргізіледі.
14. Орындалған көркейту жобаларына сәйкес, жағажайлар аумақтарында, демалыс аймақтарында, көпшілік қыдыру орындарында мыналар болуы керек:
1) 75 келушіге бір орын есебінен қоғамдық дәретханалар жағажайда суға шомылу орнынан кемінде 200 метр қашықтықта жабдықталады;
2) урналардың ара қашықтықтары 40 метрден аспау керек;
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінен қоқыс жинағыштар, шешінетін орындар, киім ілгіштер;
4) стационарлық дәретханалары жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, кәуәп сататын орындарда, дүңгіршектерде, сауда павильондарында және тағы басқаларда персоналдары мен келушілер үшін жылжымалы дәретханалар орнату міндетті болып табылады;
5) канализациясы жоқ базарларда өткізгіш емес тазаланатын шұңқырлары бар қоғамдық дәретханаларды сауда орындарынан кемінде 50 метр қашықтықта орнату қажет. Олардың ішінде есептік орындардың саны әр 50 сауда орнына кем дегенде біреуден болуы керек.
15. Жағажайлар аумақтарын, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындарды тазалауды, сондай-ақ, жыл сайын таза құм немесе ұсақ тас себуді, құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсытуды жиналған қалдықтарды жоя отырып жүргізуді осы аумақтар бөлінген жеке және заңды тұлғалармен жүргізіледі.
Жағажайдың техникалық жұмысшылары жағажай жабылғаннан кейін жағалауды, шешініп-киінетін орындарды, дәретханалардың, жасыл аймақтарды негізгі тазалауды, ыдыстарды жууды және дәретханаларды залалсыздандыруды жүргізеді. Күндіз патрулдік тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Жиналған қалдықтарды шығару таңғы сағат сегізге дейін рұқсат етіледі.
16. Жағажай аумақтарында арнайы көліктен басқа көліктердің тұрағына тыйым салынады.
17. Жағажайлардағы, парктердегі, саябақтардағы, демалыс аймақтарындағы және көпшілік қыдыратын орындардағы сауда нүктелерін жинауды сауда ұйымдары күні бойы, міндетті түрде қоқысты тасып шығару арқылы жүргізеді.
18. Стадиондарды, спорт алаңшаларын ұстау және тазалау жұмыстарын баланста ұстаушының техникалық персоналдары жүзеге асырады.
19. Кооперативтік гараждарға, саяжайларға, бау-бақша қоғамдарына бөлінген және бекітілген жасыл екпелері бар аумақтарды ұстауды және тазалауды меншік иелері, кооперативтер, қоғамдар 10 метр радиус аумағында жүргізеді, қоқысжинауыштар болуы керек.
20. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар аулаларының ішінде металдан жасалған гараждар мен жертөлелер орнатуға тыйым салынады. Өз бетімен орнатылған гараждар мен жер қоймалары бұзуға жатады.
21. Зираттардың аумағы қоршалуы керек, өту жолдарының қатты жабыны, қоқыс жинауыштары болуы керек.
3. Қыс жағдайларында аумақтарды тазарту және ұстау
22. Қыс кезінде қала аумағын тазалау, қоқысты, қарды, мұзды, балшықты және құмды тасып шығару сағат 7-ден бастап 21-ге дейін және қажеттілікке байланысты күн ағымында жүргізілуі қажет.
Ауа райына байланысты, тазалаудың бұл тәртібі өзгеруі мүмкін.
23. Қарды тазалау алғаш қар жауған кезден басталуы керек және қардың басылып тапталып қалмауы үшін қар жауу аяқталғанға дейін барлық меншік нысандарымен бекітілген және бөлінген аумақтарда үздіксіз жалғасуы керек. Жаңа жауған қарды дуал және үйме етіп барлық көшелер мен алаңдарға, соңынан қар тоқтағаннан кейін тезарада тасып шығару арқылы жинауға рұқсат етіледі.
Өткелдерді және жолдарды жабуға, екпелері бар көгалдарға қар мен мұзды үюге тыйым салынады.
24. Шатырлардағы қарды тазалау және ернеулердегі, шатырлар мен ағынды су құбырларындағы бұлтықтарды жою ғимараттар мен имараттар иелері мен жалдаушыларының күшімен және қаражаты есебінен, жүргіншілердің бақытсыз жағдайға душар болуына жол бермейтін және әуе желілеріне, шырақтарға, жасыл желектерге нұқсан келтірмеу шаралары міндетті түрде сақтала отырып, жүргізілуі керек.
Шатырдан күрелген қар шапшаң тасып әкетілуі керек. Қар мен мұз жергілікті басқару органдарымен белгіленген, су нысандары мен аумақтарының әрі қарай ластануына жол бермейтін, көншілік ақпарат құралдарында жарияланатын арнайы бөлінген орындарға шығарылады.
25. Көшелердің жүру бөліктерін, алаңдарды, көпірлер мен жол өткелдерін, қиылыстарды, өрлерді және еңістерді, жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін, баспалдақ сатыларын механикаландырылған тазарту және құм себу жоспарлы түрде мамандандырылған кәсіпорындармен қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
26. Меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар жаяужолдарды, өткелдерді, алаңдарды және бөлінген және бекітілген аумақтарда орналасқан басқа да адамдар көп өтетін және жиналатын жерлерді қардан механикаландырылған тазалауға және құм себуге мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасауға немесе осы жұмыстарды өз күшімен жүргізеді.
27. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы іс-шаралар (мұзды, қарды жарып бұзу, тайғақ жерлерге инерттік материалдар себу) қарастыруға міндетті.
28. Қала көшелерінде, көшелерді қардан аршуға кедергі жасайтын автокөліктің стихиялық тұрақтарына тыйым салынады.
4. Елді мекемендердің аумақтарында шағын сәулеттік нысандарды орнату және ұстау тәртібі
29. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері, оның ішінде ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, кіреберіс топтарын ресімдеу, жаяужолдар мен қоршауларды жайластыру бекітілген жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес орындалуы керек.
Меншік түріне қарамастан, балансында жалдайтын үй-жайы, құрылысы бар заңды және жеке тұлғалар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар ғимараттардың көше, алаң, жағалау және басқа қоғамдық орындар жаққа қарайтын қас беттерін мерекелік безендендіру бойынша жұмыстарды орындауға құқылы.
30. Дүңгіршектерді, дүкеншелерді, палаткаларды, павильондарды, баубақша-парк орындықтарын, жарнама стендтерін, маңдайшаларды ресімдеу, әртүрлі көрнекі және басқа қондырғыларды салуға және орнатуға тек қаланың сәулет бөлімімен келісілгеннен кейін ғана жол беріледі.
31. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері жөнделген күйде ұсталып, жылына кемінде бір рет жаңартылуы керек.
32. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақтарда, парктерде, бекеттерде, әуежайларда, базарларда, қалалық көлік аялдамалары мен басқа орындарда жеткілікті көлемде кісі көп жүретін жерлерде бір-бірінің ара қашықтығы 40 метрден, кісі аз жүретін жерлерде 100 метрден аспайтын, урналар қойылуы керек.
Қалалық көлік аялдамаларына, жер асты өту жолдарына, дүкендердің, дүкеншелердің, дүңгіршектердің қасына және үй кіребестеріне урналар орнатылады. Бөлінген және бекітілген аумақтарға урналарды жерпайдаланушылар орнатады, ортақ пайдалану жерлерде қалалық бюджет есебінен орнатылады.
33. Урналардың ң көлемінің толуына жол беріледі. Бөлінген және бекітілген аумақтарда урналарды орнатуға, таза және жөнделген күйде ұсталуына, олардың сақталуына жерпайдаланушылар, ортақ пайдалану орындарында қалалық бюджет қаражатының есебінен шарттық жағдайларда осы аумақты жинайтын кәсіпорындар жауап береді.
34. Қызметтік, өндірістік және өзге ғимараттардың, имараттардың иелерінде кәсіпорын атауы жазылған маңдайшалардың болуы міндетті.
35. Жарнама қондырғыларды, маңдайшалар және басқа да көрнекілік құрылғыларды иелері ортақ жүйеге сәйкес әсемдеп, қажетті шағын ақпаратпен рәсімделеді.
5. Инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды ұстау мен жинастырудың тәртібі
36. Ведомстволардың, кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың инженерлік имараттары мен коммуникацияларына олардың иелері қызмет көрсетеді.
37. Иелігінде инженерлік коммуникациялары мен имараттары бар жеке және заңды тұлғалар олардың қаланы көркейтілуін бұзылуына әкеп соғатын техникалық жай-күйін үнемі байқап отыруы, атап айтқанда:
1) аумақтарды су басуына жол бермеу;
2) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын байқау;
3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындары, нөсер құдықтардың торлары жол жамылғыларының деңгейінде және үнемі жөнделген күйде ұсталуын байқау;
4) қыс уақытында құдықтардың орналасқан жерін тез анықтау үшін, оларға белгі қоюды жүргізу;
5) жер асты желілерінің үстіндегі қатты немесе топырақ жабындардың, құру, қайта жабу және пайдалану ережелерін сақтамау барысында бұзылып құлауы мүмкін болғандықтан, жай-күйін байқау;
38. Жер асты инженерлік желілерді төсеу және барларын қайта орнату жұмыс өндірісіне арналған техникалық шарттарға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі қажет.
39. Жер асты коммуникацияларын салу, күрделі жөндеу, қайта жаңарту автожолдарды, алаңдарды және басқа ортақ пайдалану орындарын қайта жаңарту басталғанға дейін жүргізілуі қажет.
40. Қатты жабыны бар аумақтарды күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту, инженерлік желілердің құдық люктерінің белгілерін талап етілген жерге, жаяужолдарды, көгалдарды, автожолдарды коммуникациялардың қорғау аймағының еніне дейін жеткізу жөндеуге тапсырыс берушінің есебінен жүргізіледі.
41. Көшелер мен жолдардан жоғарғы және жер асты суларын бұру үшін арналған каналдарды, құбырларды, дренаждарды тазалау және тазарту, коллекторлар мен нөсерлі кәріздердің жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарын тазарту, қатты тұнбаларды алу қажеттілігіне байланысты оларды тез арада қалалық қоқыс орнына тасып әкету қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жер пайдаланушыларға бөлінген аулалар мен басқа аумақтарда суөткізгіш құрылғыларды тазартуды жерпайдаланушылар жүргізеді.
Жалпы қалалық аумақ пен мөлекаудандар шекарасының шегінде өтетін коллекторларды, нөсер кәріздерінің құдықтарын тазарту қала бюджеті қаражатының есебінен жүргізіледі.
Байқау құдықтары бар кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, байқау құдықтарын тұнбадан және басқа ластан тазартуды жүргізеді, жұмыстарды аяқтағаннан кейін жанама аумақты қоқыстан, топырақтан, тұнбадан және т.б. өз күшімен тазартуы қажет.
42. Қаланың сутартқы құдықтарының жанындағы радиусы 5 метрлік аумақтарды мұздан (қыс кезінде) және қоқыстан тазалау, оларды шығару, құдықтарға баратын жолдарды ұстау сутартқы құдықтарының иелерімен жүргізіледі.
43. Өндірістік кәсіпорындар алаңынан атмосфералық сулар кәріздерге құйылуы керек. Осы суларды қалалық нөсер желісіне жіберуге жол берілмейді.