Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм накопления твердых бытовых отходов

Қаулы · № 8/1514 · қабылданған 20.12.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31381/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении норм накопления твердых бытовых отходов Күшін жойған Қаулы ·№ 8/1514 ·20.12.2006
11.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм накопления твердых бытовых отходов

Күшін жойған Қаулы ·№ 8/1514 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм накопления твердых бытовых отходов
Атауы (қаз.)
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/1514
Қабылданған күні
20.12.2006
Көрсетілген редакция
11.04.2014 31381_187794.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06R000724_
ЭКБ идентификаторы
31381
Редакция идентификаторы
31381_187794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:27

0 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жергілікті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ететін, қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу есебін реттеу және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері бекітілсін.

2

2. Алматы қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1/174 "Жеке адам басына бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 28 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 528 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы"» газетінде 2003 жылы 14 мамырда N№72 және "Алматы ақшамы" газетінде 2003 жылы 6 мамырда N 50 жарияланған).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 20 желтоқсандағы
N 8/1514 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық
қалдықтардың жинақталу көлемінің мөлшері
Қалдықтың пайда болу көздері
Өлшем бірлігі
Есептік
жинақталу
мөлшері
Жайлы тұрғын үйлер
м 3/адам/жылына
2,55
Тас көмірмен жылытылатын жайсыз тұрғын үйлер
м 3/адам/жылына
2,9
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік ғимараттары
м 3/адам/жылына
0,2
Кеңсе ғимараттары  (өнеркәсіптер, ұйымдар, мекемелер)
м 3/жұмыс орны/жылына
1,48
Мектептер*
м 3/оқушы/жылына
0,37
ЖОО және техникумдар**
м 3/оқушы/жылына
0,71
Ауруханалар*
м 3/төсек орны/ жылына
1,15
Емханалар
м 3/келіп кету/ жылына
0,02
Балабақшалар, ясли
м 3/орын/жылына
0,97
Қонақүйлер*
м 3/төсек орын/жылына
1,5
Азық-түлік дүкендері
м 3/м 2 сауда ауданы/жылына
1,4
Өнеркәсіп тауарлары дүкендері
м 3/м 2 сауда ауданы/жылына
1,2
Мейрамханалар
м 3/отыратын орын/жылына
2,8
Автосервис және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары
м 3/жұмыс орны/ жылына
3,1
Базарлар*
м 3/м 2 аудан/ жылына
0,5
Түнгі клубтар
м 3/орын/жылына
2,0
Қойылымдық мекемелер (театрлар, кинотеатрлар,
мәдениет үйлері, клубтар)*
м 3/орын/жылына
0,45
Спорт нысандары (стадиондар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер)
м 3/адам/жылына
3,1
Ойын-сауық нысандары (казино, ойын автоматтары залы)
м 3/орын/жылына
2,0
Мұражайлар, музыкалық салондар
м 3/адам/жылына
0,45
Қоймалар
м 3/100м 2 аудан/ жылына
3,0
Саябақтар мен гүлзарлар*
м 3/м 2аудан/ жылына
0,56
Аумақтарды тазалау /сыпырым/
м 3/100 м 2/жылына
1,8
Ағаштардың қалдықтары
м 3/ағаш/жылына
0,8
Ескерту: * мәдени-тұрмыстық мақсаттағы және қоғамдық тамақтану нысандарын, үй-жайларды жалға алушыларды қоспағанда. Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) жинақталу мөлшері қалдықтардың нақты қалыптасу көздеріне арналған. Қалдықтардың қалыптасу көздеріне кіретін барлық қосымша нысандар, берілген мөлшерден бөлек есептелінеді.
** ҚТҚ-ның жинақталу мөлшеріне осы мекемелердің бүкіл қызметі кіреді.

Қолданыстағы