Маңғыстау ауданында орналасқан
республикалық дәрежедегі «Сисем-Ата»
мазарының жанына (жаңа қойылымдар
орнатуға жерлеуге) тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасының « Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес және Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 маусымдағы «Тарихи және мәдени ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» №221 қаулысы негізінде, Маңғыстау ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау ауданында орналасқан республикалық дәрежедегі «Сисем-Ата» мазарының жанына (жаңа қойылымдар орнатуға жерлеуге) тыйым салу туралы от 25.12.2006 г. № 165 (Маңғыстау ауданында орналасқан республикалық дәрежедегі «Сисем-Ата» мазарының жанына (жаңа қойылымдар орнатуға жерлеуге) тыйым салу туралы)
1. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысымен Маңғыстау ауданында орналасқан республикалық дәрежедегі «Сисем-Ата» мазарының жанынан 5 (бес) гектар жер аумағы (сызбасы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бекітілген 5 (бес) гектар жер аумағында азаматтарға (тұрғындарға) жаңа қойылымдар орнатуға (жерлеуге), қауіп төндіретін құрылыс және өзге де жұмыстарға тыйым салынсын.
3. Азаматтарға (тұрғындарға) жаңа қойылымдар орнату (жерлеу) үшін «Сисем-Ата» мазарының жанының солтүстік шығыс бетінен 200 (екі жүз) метр қашықтықтан арнайы 5 (бес) гектар жер телімі белгіленсін.
4. Осы қаулының 2, 3-тармақтарынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру тиісті село әкімдеріне тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа міндеттелсін.
6. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 165 қаулысымен бекітілген
қосымша