Қолданыстағы ред. 14.12.2006 (Редакция 31428_301648.kaz)

Жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы туралы от 14.12.2006 г. № 33-6 (Жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы туралы)

0

Жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ салық Кодексінің-91-бабының 2-тармағына және “Жарнама туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңына сәйкес жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, ранспоранттар, афишалар түрінде сыртқы (көрнекті) жарнамалар объектілерін орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектілеріне бір жағына) құқық үшін бір күнтізбелік айға төлем ақы ставкасы белгіленсін.

2

2. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”
Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, 2007 жылдың
1 қаңтар айынан жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің
ставкасы төмендегідей болып белгіленсін:

а

а) Бір шаршы метрге дейінгі және бір шаршы метрді қоса алғанда:
ставкасы-бір айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызы;

б

б) Бір шаршы метрден жоғары, екі шаршы метрге дейін: ставкасы - бір айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы;

в

в) Екі шаршы метрден жоғары: ставкасы-екі шаршы метрден асқан, әр шаршы метрі үшін бір айлық есептік көрсеткіштің 30 пайызы.