Құжат мәтініне өту

Об определении стартовых размеров подписных бонусов

Қаулы · № 54 · қабылданған 24.01.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31451/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении стартовых размеров подписных бонусов Күшін жойған Қаулы ·№ 54 ·24.01.2007
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении стартовых размеров подписных бонусов

Күшін жойған Қаулы ·№ 54 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении стартовых размеров подписных бонусов
Атауы (қаз.)
Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерiн белгiлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
24.01.2007
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI31451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000054_
ЭКБ идентификаторы
31451
Редакция идентификаторы
AI31451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:11

0 Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерiн белгiлеу туралы

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 288-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi белгiленсiн.

2 2. Мемлекеттiк органдар ведомстволық нормативтік құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтіру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 24 қаңтардағы
N 54 қаулысына
қосымша
Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi
Пайдалы қазбалардың көлемiн және кен орнының экономикалық құндылығын ескере отырып, есепке алу негiзiнде қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi, мұнда:
С - Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - ҚМК) бекiткен А, В, С 1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны;
мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн:
С п - алдын ала бағаланған C 2 санатты қорлардың және С 3 болжамды ресурстардың ҚМК бекiткен және (немесе) әлеуеттi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау үшiн мәлiметке алынған жиынтық құны;
тау-кен келiсiм-шарттары үшiн:
C п - алдын ала бағаланған С 2 санатты қорлардың және болжамды ресурстардың ҚМК бекiткен және (немесе) әлеуеттi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау үшiн мәлiметке алынған жиынтық құны.

1 1. Барлауға арналған келiсiм-шарттар үшiн:

1 1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 2 800 (екi мың сегiз жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;

2 2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 280 (екi жүз сексен) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;

3 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.

2 2. Барлауға және өндiруге арналған бiрiктiрiлген келiсiм-шарттар үшiн:

1 1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн:

егер қорлар бекiтiлмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
егер қорлар бекiтiлсе, онда (С х 0,02%) + (С п х 0,005%) формуласы бойынша,
бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;

2 2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн:

егер қорлар бекiтiлмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бec жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
егер қорлар бекiтiлсе, онда (С x 0,005%) + (С п x 0,001%) формуласы бойынша,
бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;

3 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 80 (сексен) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.

3 3. Өндiруге арналған келiсiм-шарттар үшiн:

1 1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн (С х 0,04%) + (C п x 0,01%) формуласы бойынша,

бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;

2 2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн (С x 0,01%) + (C п x 0,005%) формуласы бойынша,

бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;

3 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 120 (бiр жүз жиырма) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.

4 4. Техногендi минералдық түзiлiмдердi қайта өңдеуге арналған келiсiм-шарттар үшiн С 1 х 0,01% формуласы бойынша,

бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 300 (үш жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс.

5 5. Сарқынды суларды ағызуға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге қатысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн жер қойнауын барлауға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 400 (төрт жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.

6 6. Пайдалы қазбалар қорларының құны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салықтық сараптама жүргiзу сәтiнде Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық бағамен есептеледi.

Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда алынатын және болжамдалатын қорлардың құны белгiленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламасында көрсетiлген бүкiл кезеңде өндiруге жұмсалған, 1,2 коэффициентiне көбейту жолымен түзетiлген жалпы шығындар сомасынан белгiленедi.

Қолданыстағы