Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт экономических исследований" Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан

Қаулы · № 61 · қабылданған 26.01.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31454/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт экономических исследований" Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 61 ·26.01.2007
24.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт экономических исследований" Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 61 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт экономических исследований" Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61
Қабылданған күні
26.01.2007
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI31454_8.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000061_
ЭКБ идентификаторы
31454
Редакция идентификаторы
AI31454_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:09

0 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:

1 1) экономика;

2 2) (құпия);

3 3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) қоғам жарғысын бекiтудi;

2 2) қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

3 3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берудi;

4 4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

4 4. Қоса берiлiп отырған Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 26 қаңтардағы
N 61 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-110-жолмен толықтырылсын:
"123-110. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".

3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-4-жолмен толықтырылсын:
"268-4. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

Қолданыстағы