Бір салық салу объектісінен
алынатын тіркелген жиынтық
салық ставкаларының мөлшерін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 393, 394 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы от 21.12.2006 г. № 357 (Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы)
1. 2007 жылға бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген салық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бір әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілері үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Б.З.Тлеубергенов) тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әмірқасымовқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы:
Б.Тлеубергенов
21.12.2006 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
32 сессиясының № 357 шешіміне
қосымша
Ақгоғай ауданы бойынша орналасқан салық салу объектілерінің
біреуіне бір жылға белгіленген жиынтық салық көлемі:
реті
Қызмет көрсету түрлері
Салық салу объектісінің тіркелген салық салу объеқтісі
Бір жылға бір обьектіге бекітілген жиынтық салық көлемі (айлық есеп көрсеткіші)
1
Ойын үстелі
Ойын үстелі
2200
2
Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары бойынша
ұтыс ақшасыз ойын автоматы
10
3
Бір ойыншыдан жоғары қатысушылармен ойын өткізу үшін арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматтары бойынша (электронды рулеткадан басқа)
ұтыс ақшасыз ойын автоматы
15
4
Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ақшалай ұтыс ойын автоматтары бойынша
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
5
Бір ойыншыдан жоғары қатысушылармен ойын өткізу үшін арналған ақшалай ұтыс ойын автоматтары бойынша (электронды рулеткадан басқа)
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
80
6
Электронды рулетка
Электронды рулетка
100
7
Тотализатор кассасы
Тотализатор кассасы
200
8
Букмекерлік кеңседегі касса
Букмекерлік кеңседегі касса
100
9
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
15
10
Ойын жолы
Боулинг (кегельбан) бойынша ойын жолы
55
11
Бильярд столы бойынша
Бильярд столы
30
12
Карт
Карт
25
13
Лото ұйымдастырушы
Лото ұйымдастырушы
80