Қолданыстағы ред. 21.12.2006

Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы от 21.12.2006 г. № 359 (Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы)

0

Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 257 бабына және 258 бабының 4 – тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салық және акциздер ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Б.З.Тлеубергенов) тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әмірқасымовқа жүктелсін.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы:
Б.Тлеубергенов
21.12.2006 жыл

5. Ақтоғай ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциздік базалық ставкасының төлем мөлшерлемесі көлемі

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
32 сессиясының № 359 шешіміне
қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциздік базалық ставкасының төлем мөлшерлемесі көлемі
реті
Қызмет көрсету түрлері
бір жылға ойын бизнесі объектісіне акциздік базалық ставкасы (айлық есеп көрсеткішінен еселеп алынғанда)
1.
Ойын столы
700
2.
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
3.
Тотализатор кассасы
200
4.
Букмекер кеңселерінің кассасы
150