Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін акциздік ставкаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 257 бабына және 258 бабының 4 – тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салық және акциздер ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Б.З.Тлеубергенов) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әмірқасымовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы: Б.Тлеубергенов 21.12.2006 жыл
Басқа 5. Ақтоғай ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциздік базалық ставкасының төлем мөлшерлемесі көлемі
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 32 сессиясының № 359 шешіміне қосымша Ақтоғай ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциздік базалық ставкасының төлем мөлшерлемесі көлемі реті Қызмет көрсету түрлері бір жылға ойын бизнесі объектісіне акциздік базалық ставкасы (айлық есеп көрсеткішінен еселеп алынғанда) 1. Ойын столы 700 2. Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 50 3. Тотализатор кассасы 200 4. Букмекер кеңселерінің кассасы 150