Құжат мәтініне өту

О принятии Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр крови" Государственного учреждения "Управление здравоохранения города Астаны" из коммунальной собственности города Астаны в республиканскую собственность

Қаулы · № 111 · қабылданған 10.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31510/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О принятии Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр крови" Государственного учреждения "Управление здравоохранения города Астаны" из коммунальной собственности города Астаны в республиканскую собственность Қолданыста Қаулы ·№ 111 ·10.02.2011
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр крови" Государственного учреждения "Управление здравоохранения города Астаны" из коммунальной собственности города Астаны в республиканскую собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 111 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр крови" Государственного учреждения "Управление здравоохранения города Астаны" из коммунальной собственности города Астаны в республиканскую собственность
Атауы (қаз.)
"Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111
Қабылданған күні
10.02.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI31510_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000111
ЭКБ идентификаторы
31510
Редакция идентификаторы
AI31510_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:11

0 "Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау туралы

«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілсін.

2

2. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы