Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях"

Заң · № 391 · қабылданған 06.06.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3155/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Қолданыста 06.06.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях"

Қолданыста Заң № 391 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
391
Қабылданған күні
06.06.1999
Көрсетілген редакция
06.06.1999 AI3155_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000391_
ЭКБ идентификаторы
3155
Редакция идентификаторы
AI3155_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:07
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Z970094_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-бапта:

үшінші абзац "тұрғын үй, пәтер" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "жатақханадағы бөлме" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац "студенттер" деген сөзден кейін "(курсанттар, аспиранттар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді.
Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.";

3) 32-баптың 3-тармағы "тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 98-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері осы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленеді.";

5) 112-баптың бірінші бөлігі "курсанттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар" деген сөзбен толықтырылсын;

6) 114-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Осы ереже еңбек шарты (келісім-шарт) немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.".

2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.