Қолданыстағы ред. 11.09.2006 (Редакция 31693_359583.kaz)

Бастапқы әскери даярлық мәселелері туралы от 11.09.2006 г. № 15 (Бастапқы әскери даярлық мәселелері туралы)

0

Бастапқы әскери даярлық мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикаындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағын 8 және 13 тармақшаларын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:

1

1. Аудандық білім беру бөліміне (Р.Тұрдағали), аудндық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша), №2 кәсіптік-техникалық мектепке (І.Тасбаев) (келісім бойынша):

1

1) жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізудің 2006-2007 оқу жылына арналған жоспарын дайындап, бекітсін (1 қосымша)

2

2) оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықты, әскери патриоттық тәрбие және жастардың дене тәрбиесі дайындығын тексеріп, қадағалау (2,3 қосымшалар);

3

3) оқу орындарын бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен толықтай қамтамасыз ету;

4

4) орта мектептер мен кәсіптік-техникалық мектеп оқушыларын бастапқы әскери даярлықтан толықтай өтуіне қол жеткізу;

5

5) бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерін бекітуді Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп шешу;

6

6) бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерінің кәсіби білімін жетілдіру мақсатында оларды арнайы курстарға жіберуді қамтамаыз ету;

7

7) оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық пәнінің оқу-өндірістік базасын нығайту;

8

8) оқу орындарында үгіт-насихат, әскери патриоттық тәрбие, әскери қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарын жандандыру ұсынылсын (4 қосымша)

2

2. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша) оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық ісіндегі оқу-әдістемелік жұмыстардың жүргізілуін қадағалау ұсынылсын.

3

3. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері (Б.Ондасынов) (келісім бойынша) оқу орындарында алғашқы дәрігерлі-санитарлық көмек көрсету мақсатында практикалық сабақтар ұйымдастыру ұсынылсын.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін.
Келісім:
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының міедетін уақытша
атқарушы капитан А.Кенжеғұлов
13.09.2006
Аудандық орталық аурухана
бас дәрігері Б.Ондасынов
13.09.2006
№2 кәсіптік-техникалық мектеп
директоры І.Тасбаев
13.09.2006

13

Аудан әкімінің
2006 жылғы «11» 09
№15 шешіміне 1 қосымша
Жастарды бастапқы әскери даярлықтан өткізудің 2006-2007 оқу жылына арналған Жоспары
р/с

Іс –шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Орындалуына жауаптылар
1.Бастапқы әскери даярлықтың басқарылуы
1.
Аудан көлеміндегі оқу орындарындарындағы , оқу пунктеріндегі жастардың алғашқы әскери дайындығының әскери –патриоттық, тәрбие және спорттық дайындықтарының жағдайына тексеру жүргізу және комиссия жұмысының қортытындысына байланысты әкімдік және аудандық білім бөлімі мәжілістерінде талдау жасап, көрсетілген кемшіліктерді жоюға шара қолдану.
Жасалған кесте бойына
2006 жылдың желтоқсан айына
дейін
2007 жылдың мамыр айына дейін
Поселкелік округ әкімдерін, аудандық білім беру бөлімі, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
2.
Талдау жасап, аудан әкіміне жастардың алғашқы әскери дайындықтарының, әскери-патриоттық тәрбие және спорттық дайындықтарының жағдайы туралы уақытылы мәлімет беріп отыру.
2007 жылдың қаңтар айына дейін. 2007
жылдың маусым айына дейін
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
3.
Аудандық ішкі-саясат бөлімінің, аудандық білім бөлімінің, аудандық ҚІЖБ-нің, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің мамандарымен бірлесе дайындап мәжіліс өткізу.
Қаралатын мәселе ҚР-сы Үкіметінің 24 мамыр 2006 ж шыққан №449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды, ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» қаулысына байланысты аудан көлемінде Алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық және спорттық дайындық жағдайларын жақсарту және осы шараларды жүзеге асыру.
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі
4.
Спорттық сауықтыру лагеріндегі жиындардың жоспарын жасап, жиындарды ұйымдастыру. Басқару құжаттарын дайындау.
2007 жылдың сәуір айына дейін.
2007 жылдың мамыр айына дейін
ау
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) Аудандық білім беру бөлімі
5.
Жастың алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық және спорттық дайындық жағдайын педагогикалық Кеңес мәжілісінде талқылау.
2006 жылдың 15 желтоқсан айына
дейін,
2007 жылдың 15 мамыр айына
дейін.
Ау Аудан бойынша оқу орындарының
директорлары
6.
Оқу-жаттығу жиындарында алғашқы әскери дайындықтарын оқу-әдістемелік басқаруды қолға алу және спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастырудың жоспарларын дайындауға көмектесу.
Спорт сауықтыру лагеріндегі
жиындарды өткізу кестесіне
сәйкес
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім (келісім бойынша)
7.
Оқу орындарында Азаматтық қорғаныстың, адам өмірінің қауіпсіздік негізінің алғашқы әскери дайындықтың арнаулы мүлігін пайдалану, сақтау, есепке алу жағдайына бақылау жүргізу
Үнемі
Аудан көлеміндегі оқу орындарының директорлары
8.
Оқытушы-ұстаздардың бастапқы әскери даярлық сабақтарын өткізулерін, жастардың өткен сабақтарды меңгеру сапасын бақылау.
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқытудың басталуы және аяқталуы, взводтардың және бөлімшелердің командирлерін тағайындау жөнінде бұйрық шығару. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне және бағыныстылығына қарай алғашқы әскери дайындықтың жағдайын және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы есеп беру.
Оқу жылы бойынша
Аудан көлеміндегі оқу орындарының
директорлары
9.
2005-2006 оқу жылы бойынша бастапқы әскери даярлық қорытындылау. Өткен оқу жылы бойынша жасөспірімдердің алғашқы әскери дайындығының жағдайы туралы аудан әкіміне қорытынды баяндама беру
2006 жылдың 10 қазан айының
20-на дейін
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
Аудандық білім беру бөлімі
10.
Қорғаныс спорттық лагерінде, оқу пунктерінде, оқу орындарында жастардың денсаулық жағдайын бақылау
2006 жылдың 1 желтоқсан
айына дейін.
2007 жылдың 1 ақпан
айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
2. Оқу-материалдық базасын жасақтау және жетілдіру
1. 1
Оқу орындарында:
1)Алғашқы әскери дайындық сыныбын;
Алғашқы әскери дайындықтың, адам өмірінің қауіпсіздік
негізінің, азаматтық қорғаныстың арнаулы мүлігін сақтау
бөлмесін;
2)саптық дайындық сабақтарын өткізетін алаңның;
3)кезекшінің міндеттерін тәжірибе негізінде үйрену үшін
арналған орынды;
4)дене шынықтыру сабақтарын өткізетін орынды;
2006 жылдың 1 қараша айына
дейін
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
дейін
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
дейін
2006 жылдың 1 қараша айына
дейін
Аудан көлеміндегі оқу орындарының
директорлары
2.
5)техникалық оқу тәсілдерінің және көрнекіліктердің
болуын қамтамасыз ету;
6)қару атып жаттығатын тирлардың салынуы мен бұрынғы
тирлардың толықтай қайта жөндеуден өткізуін қамтамасыз
ету.
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
дейін
3.
Оқу орындарының ғимараттарын қайта жөндеуден және
жаңасын салған кезде, қару алатын тирлардың, әскери
кабинеттердің, спорттық кешендерінің және алғашқы
әскери дайындықтың басқа да материалдық базасының
объектілерінің салынуын қамтамасыз ету.
Оқу жыл барысына
Аудандық білім беру бөлімі
4.
Алғашқы әскери дайындықтың ең үздік оқу-материалдық базасына
әскери-патриоттық тәрбие мен спорттық дайындыққа байланысты
байқау өткізу және оқу орындары арасында
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
Дейін
Аудандық әскери дайындық
пәнінің оқытылуы, әскери-патриоттық
тәрбие және спорттық дайындықты
тексеру комиссиясы
3.Оқу –әдістемелік жұмыс
1
Оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын аттестациядан өткізу
Қаңтар-мамыр айлары
2007 жылғы
Аудандық білім беру бөлімі.
2
Алғашқы әскери дайындықтың штаттан тыс әдістемелік кеңестерін, аудандық мәжілістерін өткізу
Оқу жылының басында
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
3
Оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушылармен 3-күндік оқу әдістемелік жиындары ұйымдастыру және өткізу
Оқу жылының басында
Аудандық білім беру бөлімі.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
4
Оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушылармен ай сайын (1) күндік әдістемелік сабақтарын жүргізу
Оқу жылының басында
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
5
Оқу орындарындағы мекеме, кәсіпорындардың оқу пунктеріндегі алғашқы әскери дайындығының оқытушы-ұйымдастырушыларымен, басшы және нұсқаушылармен дайындалған үлгілік нұсқау –әдістемелік сабақтарын өткізу.
2006 жылдың 20 желтоқсан айына
дейін. 2007 жылдың 20 сәуір айына
дейін.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
6
Тәжірибе алмасу үшін (бөлек жоспар бойынша) жастардың алғашқы әскери дайындық, адам өмірінің қауіпсіздік негізінің, дәрігерлік-санитарлық, әскери-патриоттық тәрбие және спорттық дайындықтары жөнінде оқу-әдістемелік сабақтарын дайындап өткізуін қамтамасыз ету
2006 жылдың 20қыркүйек айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
7
Әскерге шақырылушы және әскерге дейінгі жастардың дене шынықтыру дайындықтарын жақсарту үшін нұсқау-әдістемелік сабақтарын дайындап өткізуін қамтамасыз ету
Оқу жылы басында
Аудандық білім беру бөлімі
8
Оқушылармен дәрігерлік-санитарлық сабақтарын жоғарғы дәрежелде өткізу үшін тәжірибелі мұғалімдерді сапалы дайындықтан өткізіп, қадағалауға алуын қамтамасыз ету
Бөлек жоспар бойынша оқу жылы
басында
Аудандық білім беру бөлімі
Аудандық орталық аурухана (келісім
бойынша) оқу орындарының
директорлары
4.Әскери-патриоттық тәрбие және жастардың спорттық дайындық жағдайы
1.
1.Алғашқы әскери дайындық сабақтарының және сабақтан тыс
шараларының тәрбиелік мәнін жоғарылату, болашақ жауынгерлердің
Отан алдындағы борышын өтеу үшін қажетті өте жоғары адамгершілік,
психологиялық, әскери ұстамдылық қасиеттерін, дене шынықтыру
дағдыларын қалыптастыруды және ұйымдастыру:
1)Әскери әндерінің сайыстарын
2) Ерлік сабақтарын
Әңгімелер, әскери мамандар, әскери училищелер және оларға түсу
шарттары, курсанттардың күнделікті өмірі мен тұрмысы туралы
Оқу жыл барысында 2007 жылдың
наурыз айына дейін
2006 жылдың 1 қараша айына дейін,
2007 жылдың 20 наурыз айына дейін
Аудандық білім беру және спорт бөлімі
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
(келісім бойынша)
2.
Әскерге шақырушылар күнін ұйымдастыру және өткізу
2006 жылдың 15 қазан айына дейін
2007 жылдың 25 сәуір айына дейін
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
3.
Мерзімді әскери қызметке аттанушы жастарды салтанатты түрде
шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу
Дайындалған жоспар бойынша
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
Аудандық ішкі саясат бөлімі
4.
Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шығару кезінде жастардың
ұлтаралық достық қарым-қатынастарына тәрбиелеу және
Қазақстандық Отан сүйгіштікті бекіту мәселесіне байланысты бірлескен
кеңесін ұйымдастыру және өткізу
2006 жылдың 15 қазан айына дейін
2007 жылдың 15 сәуір айына дейін
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
5.
Әскер қатарына шақырылғандарды Ұлы Отан соғысына
қатысушылармен, Қарулы Күштер, еңбек ардагерлермен
интернационалист-жауынгерлермен, әскери комиссармен,
жауынгерлердің аналары одағы ұйымының мүшелерімен, діни
бірлестіктердің өкілдермен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алғашқы әскери дайындықтың
оқу орындарында, кәсіп орындардың, мекемелердің оқу пунктерінде,
аудандық мекемелердің оқу пунктерінде, аудандық Қорғаныс-спорттық
сауықтыру лагерлерінде өткізілуі мен ұйымдастырылуын, әскери және
Отан сүйгіштік, спорттық дайындық жұмыстарының дамуын кеңінен
жариялау
Оқу жылы барысында 2(екі) рет
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Поселкелік, селолық, ауылдық округ
Әкімдері, аудандық білім беру бөлімі
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім (келісім бойынша)
Аудандық орталық аурухана (келісім
бойынша)
7.
Көпшілік қорғаныс жұмыстарының ацлығын ұйымдастыру және өткізу
2007 жылдың 7 сәуір айына дейін
2007 жылдың 7 мамыр айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
8.
Аудандық активтердің отырыстарында әскери-патриоттық тәрбие және
жастардың спорттық дайындық мәселелерін талқылау
2006 жылдың 2 қараша айына дейін
2007 жылдың 25 мамыр айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
9.
Ауданда әскери-патриоттық тәрбиені және жастардың спорттық
дайындығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасақтау
2006 жылдың 25 қыркүйек айына
дейін
Аудандық білім беру бөлімі
10.
Ауданның барлық оқу орындарында әскери-техникалық үйірмелерін
ашу және ұйымдастыру, олардың оқу-материалдық базасын жасақтау.
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
дейін
Аудандық білім беру бөлімі
11.
Барлық оқу орындарында әскери дайындық бұрыштарын қайтадан
қалпына келтіру және оқушылармен әскери-патриоттық тәрбие
жөніндегі жұмыстарды пайдалану.
2007 жылдың 1 қаңтар айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
12.
Ұлтаралық достық қарым-қатынастарға тәрбиелеу ҚР-да тұратын
барлық ұлттардың Халықтық педогогикасын пайдалану
Оқу жылы барысында
Аудандық білім беру бөлімі
13.
Жастардың спорттық дайындығын жақсарту жөнінде жиын өткізу
2007 жылдың 1 ақпан айына дейін
Аудандық білім беру бөлімі
14.
Оқу орындар, мекеме оқу пунктері арасында әскер жасындағы және
әскер жасына дейінгі жастардың президенттік тестілерін тапсыруға
және разрядтарды алуға Совет Одағының Батыры Т.Әубәкіров
атындағы жарысты ұйымдастыру, жарыс нәтижелерін Жеңі күні
қарсаңында қорытындылау.
Оқу жылы барысында
Аудандық білім беру бөлімі
15.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге президенттік тестілерді
тапсырған және спорттық разрядтарды алған әскер жасындағы
жастардың тізімін уақытылы жіберіп отыру
2006 жылдың 1 желтоқсан айына
Дейін
2007 жылдың 7 мамыр айына дейіен
Аудандық білім беру бөлімі

14. 1. Негізгі құрамы

Аудан әкімінің
2006 жылғы «11» 09
№15 шешіміне 2 қосымша
Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық және жастардың дене
тәрбиесі дайындығын тексеріп, қадағалаудың
1. Негізгі құрамы
Тұрдағали Рымбек Жауқашұлы -аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі,комиссия төрағасы;
Тасқайыров Нұрлан Абайұлы -аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы комиссия төрағаның орынбасары
Нығметова Гаухар Әділбекқызы - әскерге шақыру бөлімшесі бастығының көмекшісі
Есениязов Серікбай Қобланұлы -аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
Ерғожиев Әділбек Шойынбайұлы -аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы
Кенжеғалиев Орақ Әбуұлы -№2 кәсіптік техникалық мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Шаудиров Гүлнар Сарыбайқызы -жасөспірімдер дәрігер-терапевті
Тажибаева Қалыбек Садықұлы -жауынгер-интернационалист

15

Аудан әкімінің
2006 жылғы «11» 09
№15 шешіміне 3 қосымша
Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық тәрбие және жастардың дене тәрбиесі дайындығын тексеріп,қадағалау ЖОСПАРЫ
р/с
Кім тексеріледі
Тексерілетін мәселелер
Кім тексереді
Тексеру әдісі
1
2
3
4
5
1
Оқу орындары және оқу
орындарының директорлары
Оқу орындарындағы Алғашқы әскери
дайындық, әскери-патриоттық тәрбие және
дене шынықтыру дайындығының жағдайы.Оқу
орындарының директорының оқу топтарын
құру взвод және бөлім командирлерінің
тағайындау жөніндегі бұйрығы және жылдық
сабақи кестесі
Оқу орындарындағы алғашқы
әскери дайындық
Тыңдау және орындалған
құжаттарды тексеру
2
Мектептердің алғашқы әскери
Дайындық пәнінің оқытушы-
Ұйымдастырушы
Алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-
ұйымдастырушысының методикалық
дайындығы және алғашқы әскери дайындығы
және алғашқы әскери дайындылықты оқытуды
ұйымдастырудың іс-құжаттары (жоспар,
конспект, сабаққа үлгерім және қатынас есеп
журналы, оқу бағдарламасын жетілдіру сапасы)
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы, оқу
орындарындағы алғашқы
әскери дайындық пәнінің
оқытылуы, әскери патриоттық
тәрбие және спорттық
дайындықты тексеру
комиссиясы
Алғашқы әскери дайындық
сабағына қатынасу.Жазбаша
түрде сұрақтар нормативтер
бойынша зачеттарды
қабылдау әрбір оқушыға
баға қойылады.

16

Аудан әкімінің
2006 жылғы «11» 09
№15 шешіміне 4 қосымша
Оқу орындарында үгіт-насихат, әскери патриоттық тәрбие, әскери қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарын жандандыру КЕСТЕСІ
Оқу орындары
Тексеру түрлері
Түсіндіру бөлімдері
Жаңа оқу жылына
дайындығы
Кешенді тексеру
Жеке тексеру жекеж
Абай орта мектебі
1-10.03.2007ж
2-9.10.2006ж
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі
В.Белинский орта мектебі
1-10.03.2007ж
2-9.10.2006ж
Аудандық Қорғаныс істері
М.Баймұханов орта мектебі
1-10.03.2007ж
2-9.10.2006ж
жөніндегі бөлімі
Б.Доспаева орта мектебі
1-10.03.2007ж
9-16.10.2006ж
Аудандық Қорғаныс істері
Х.Санбаев орта мектебі
1-10.03.2007ж
9-16.10.2006ж
жөніндегі бөлімі
Л.Шахатов орта мектебі
10-20.03.2007ж
9-16.10.2006ж
Аудандық Қорғаныс істері
Шарипова орта мектебі
10-20.03.2007ж
3-15.02.2007ж
жөніндегі бөлімі
№4интернат мектебі
10-20.03.2007ж
15-20.03.2007ж
Аудандық Қорғаныс істері
КТМ-№2
10-20.03.2007ж
15-20.03.2007ж.
жөніндегі бөлімі
1
Мектеп
директорларының тәрбие
жұмысы жөніндегі
орынбасары ме
Алғашқы әскери дайындық
бағдарламасының орындалуын тексеру
және әскери-патриоттық тәрбие барысы.
Алғашқы әскери дайындықтың және
әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі
көрнекті үгіт-насихат жағдайы
Оқу орындарындағы
алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытылуы, әскери-
патриоттық тәрбие және
спорттық дайындықты тексеру
комиссиясы
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Апталық жоспардың сабақ кестесімен,
журналмен Алғашқы әскери дайындық-
тың оқытушы ұйымдастырушысының
конспектілермен сәйкестігі.
Әскери –патриоттық тәрбие жұмысы
жоспарының орындалуын оған қоса
және директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарының басқа да
ұсынылған іс-қағаздарын тексереді.
2
Мектептердегі алғашқы
әскери дайындық пәнінің
нұсқаушысы (инструкторы)
Оқу пунктінің басшысы
(Қорғаныс-спорттық
сауықтыру лагерінің басшысы)
Жастардың дене шынықтыру дайындығының
жағдайы және алғашқы әскери дайындық
оқу-өндірістік базасының жағдайы
Тексеру нәтижесін қорытындылау және
нәтиже бойынша акт жасау
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытылуы, әскери-патриоттық тәрбие және спорттық дайындықты тексеру комиссиясы
Президенттік тестілерді қабылдау өндірістік оқу базасының
жабдықталуын, нұсқаулар мен
қойылған талаптардың орындалуын
тексереді.
Тексерушілердің баяндамасы
бойынша