Қолданыстағы ред. 15.12.2006 (Редакция 31724_333562.kaz)

Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы от 15.12.2006 г. № 301-XXXIY (Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы)

0

Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13), 15) тармақшаларын басшылыққа алып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 338-бабының 1-тармағына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2006 жылғы 30 қазандағы №1464 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Салық кодексінің 329-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге және 334-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары аудан бойынша 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №186-XXIY «Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы» (2005 жылы 25 желтоқсанда №4-8-38 мемлекеттік тіркелген) шешімінің күші 2007 жылдың қаңтарынан бастап жойылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және салық саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
-Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев