Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 88 · қабылданған 07.02.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31757/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О создании государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 88 ·07.02.2007
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 88 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
88
Қабылданған күні
07.02.2007
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI31757_4.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000088_
ЭКБ идентификаторы
31757
Редакция идентификаторы
AI31757_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:06

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мен оларды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

2 2. Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарының аумағындағы мына санаттардағы жерден жалпы алаңы 161045 гектар жер учаскелерi:

босалқы жерден - 96330 гектар;
орман қоры жерiнен - Кеген мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiнен - 64715 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берiлсiн.
Көрсетiлген жер учаскелерi босалқы және орман қорының жерi санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" санатына жатқызылсын.

3 3. Алматы облысының әкiмдiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерiнiң төңiрегiнде күзет аймағын белгiлесiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекараларын белгiлесiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:

1 1) мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Мекеменi қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетiн сома есебiнен және соның шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)

2 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-2-жолмен толықтырылсын:
"21-2. "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Алматы облысының аумағында құрылатын "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiне тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 7 ақпандағы
N 88 қаулысына
қосымша
Алматы облысының аумағында құрылатын "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiне тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң экспликациясы
Р/с
N
Жер­дің са­на­ты және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­ры
Ала­ңы, га
1
Рай­ым­бек ауда­ны:
1) босал­қы жер (жай­ы­лым­дар);
2) ор­ман қо­ры жерi (Ке­ген мем­ле­кет­тiк ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы ме­ке­месi);
со­ның iшiн­де:
Құр­мет ор­ман­шы­лы­ғы
Қа­ра­бұ­лақ ор­ман­шы­лы­ғы
жиы­ны :
96330
51908
36055
15853
148238
2
Тал­ғар ауда­ны:
ор­ман қо­ры жер­лерi (Ке­ген мем­ле­кет­тiк ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы ме­ке­месi),
со­ның iшiн­де:
Құр­мет ор­ман­шы­лы­ғы
12807
12807
Бар­лы­ғы:
161045

Қолданыстағы