Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обучения в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования

Бұйрық · № 34 · қабылданған 31.01.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31888/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил обучения в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 34 ·31.01.2007
23.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обучения в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 34 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обучения в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы среднего общего образования
Атауы (қаз.)
Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
31.01.2007
Көрсетілген редакция
23.04.2010 AI31888_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004543_
ЭКБ идентификаторы
31888
Редакция идентификаторы
AI31888_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:08

0 Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесін бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесі бекітілсін.

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. "Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 644 бұйрығының күші жойылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К.Әбдімомыновқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 31 қаңтардағы
N 34 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14-3) тармағына сәйкес әзірленді және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2

2. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу (бұдан әрі - экстернат нысанында оқу) жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кезекті аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын білім алушылардың өздігінен оқуын болжайды.

3 3. Экстернат нысанындағы білімді:

жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуын уақытылы аяқтамаған;
дарынды;
отбасы жағдайына, ауруына байланысты жалпы орта білімді алуға мүмкіндігі жоқ білім алушылар ала алады.

4 4. Экстернат нысанында жалпы орта білімді жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары шеңберінде алу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары қызмет етеді.

2 2. Экстернат нысанында оқыту тәртібі

5 5. Экстернат нысанында оқығысы келетін кәмелетке толған білім алушылардың өтінішін білім беру ұйымы басшысының атына өзі немесе ата-анасы (өзге де заңды өкілдері) береді.

6 6. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) білім алушы үлгерімінің және мінез-құлқының табелі;

2 2) білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама;

3 3) жалпы білім беретін оқу мекемесінің негізгі сатысын аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;

4 4) туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда білім беру ұйымдарына экстернат нысанында оқу үшін қабылдау жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес олардың жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін белгілегеннен кейін жүргізіледі.

7

7. Экстернат нысанында оқыту кезінде үлгерімді ағымдағы бақылауды, сондай-ақ аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізу нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 тіркелген "Білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8 8. Экстернат нысанында оқығысы келетіндердің өтініші ол берілген күннен бастап үш күннің ішінде қаралады.

9 9. Кәмелетке толмаған экстернат нысанында білім алушылардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне білім беру процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

10 10. Экстернат нысанында білім алушылар:

білім беру ұйымының кітапхана қорындағы оқу әдебиеттерін пайдалануға;
зертханалық және практикалық сабақтарға қатысуға;
түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға құқығы бар.

11 11. Экстерндерді аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау барлық емтихан комиссиясының мүшелері қол қойған және жалпы білім беретін мекеме басшысы бекіткен "Экстернат" белгісі бар хаттамада көрсетіледі.

Хаттамаға аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

12 12. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен экстернат нысанында білім алушыларға белгіленген тәртіппен білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Қолданыстағы