Об утверждении категорий рынков и ставок сбора за право реализации товаров на рынках области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении категорий рынков и ставок сбора за право реализации товаров на рынках области
- Атауы (қаз.)
- Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар мөлшерi мен базарлардың санаттарын бекiту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 06.04.1999
- Көрсетілген редакция
- 06.04.1999 3190_263479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99U000084_
- ЭКБ идентификаторы
- 3190
- Редакция идентификаторы
- 3190_263479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:15
0 Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар мөлшерi мен базарлардың санаттарын бекiту туралы
📌 Ескерту. Атауға өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен.
Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 4 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының базарларында тауар (жұмыс, қызмет көрсету түрлерiн) сату құқығы үшiн алымдар төлеу тәртiбi мен мөлшерлерi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" № 840 қаулысына сәйкес:
1. Базарлардың санаттары бекiтiлсiн (№ 1 қосымша);
2. Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңы нормативi бекiтiлсiн.(№ 2 қосымша)
3. Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар жинау жөнiндегi мемлекеттiк мекеме (Дүйсемұратов) облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдарды дер кезiнде күнделiктi толық жинау бойынша кiдiрiссiз шаралар қабылдасын.
📌 Ескерту. 2 және 3 тармақтар жаңа редакцияда -
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен.
4. Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы 18 маусымдағы "Базарларда тауар сату
құқығы үшiн алымдар туралы № 145
шешiмiнiң күшi жойылды деп
табылсын.
5. Қала, аудан әкiмдерi базарлар санаттарын және базарлардағы тауар
сату құқығы үшiн алымдар мөлшерлерiн белгiлеу мәселелерiн реттеу бойынша
бұрын қабылданған шешiмдерiнiң күшiн жойсын.
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары Е.А. Самофаловқа жүктелсiн.
7 Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуірдегі
№ 104 шешiмiне № 1 қосымша
Облыс базарларының категориялары
1. Шымкент қаласы бойынша:
Базарлар Базарлардың
категориясы аттары
Бiрiншi АО "Базар", Жұманов автокөлiк базары,
Керуен-Сарай, Шынар, Әубәкір, Гаухартас,
Жәрмеңке, Ералы, Жабық сауда
комплексi, Ләззат, Отырар, Рахиля,
Сұлтан-Бейбарыс, Назым апа, Дәулетов,
Дамелi, Данабек, Төменгi базар.
Екiншi Машат, Көмеш-бұлақ, малдық-жемдiк,
Альянс, Күлтай-ана, Қаплан-сауда,
Евразия, Исатай, Янги-шахар, Өтеп,
Нариманов көшесi бойындағы Гүл
базары, Мадияр, Әсел, Ювелирный,
Батырлар, Дауреханова, Зәуре, Еркiнбек,
Көктем.
Үшiншi Ынтымақ, Киров бөлiмшесi, Өмiр, Дархан,
1000-мелочей, Қ. Сатқұлов, Коммунизм
бөлiмшесi, Альфа, Мария, Эмиль, Айгүл,
Ер-нұр, Торлан, Қалдаяқов, Хаят және
Шымкент қаласының тағы басқа
базарлары.
II. Түркiстан, Кентау, Арыс қалаларына, Қазығұрт, Мақтаарал,
Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкiбас, Шардара,
Созақ, Бәйдiбек, Отырар аудандарына 3 категория
тағайындалсын.
9 Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуірдегі
№ 104 шешiмiне № 2 қосымша
Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi
📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен.
Базарлардың арнайы бағдары
1 сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi
I
категория
II категория
III категория
Азық-түлiк
5
5x24=120
5x20=100
5x16=80
Киiм-кешек
6
6x20=120
6x18=108
6x14=84
Ұсақ-түйек
тауарлар
2
2x24=48
2x20=40
2x16=32
Автомобильдiк
8
8x16=128
8x14=112
8x12=96
Мал базары:
ұсақ мал
iрi мал
5
8
5x14=70
8x14=104
5x12=60 8x12=96
5x10=50 8x10=80
Автомашинаға
қосалқы бөлшектер
6
6x20=120
6x18=108
6x14=84
Пайдалануда
болған қосалқы
бөлшектер
3
3x16=48
3x14=42
3x12=36
Гүлдер
4
4x20=80
4x18=72
4x14=56
Ескерту: