Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам игорного бизнеса

Қаулы · № 125 · қабылданған 19.02.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31903/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам игорного бизнеса Қолданыста Қаулы ·№ 125 ·19.02.2007
10.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам игорного бизнеса

Қолданыста Қаулы ·№ 125 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам игорного бизнеса
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
125
Қабылданған күні
19.02.2007
Көрсетілген редакция
10.06.2020 31903_467765.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000125_
ЭКБ идентификаторы
31903
Редакция идентификаторы
31903_467765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:03

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

"Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар (бұдан әрi - өзгерiстер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы қаулыға өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзіледі және ресми жариялануға тиiс.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 19 ақпандағы
N 125 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19 N 610 (2007.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.03 № 1272 (2014.11.21 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5 5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ережеде:

1-тармақтың екiншi абзацындағы, 10-тармақтың екiншi, үшiншi, он үшiншi абзацтарындағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ойын бизнесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 10-тармақтың үшiншi абзацындағы және 11-тармақтың екiншi абзацындағы "және спортты" деген сөздер ", спортты және ойын бизнесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтедi;
ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi.";

2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi туралы ережеде:

1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "туристiк қызметтi" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "туристiк индустрияны" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
5) тармақшадағы "туризм саласындағы" деген сөздер "туризм, ойын бизнесi салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу;
12-4) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау бойынша тексерулер жүргiзу;";
"18) ойын мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.";
10-тармақта:
1) тармақшада "туристiк саланы" деген сөздерден кейiн ", ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "туризм саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 8) тармақшадағы "тартуға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
10) ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;";
11) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау мәнiне тексерулердi жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
13) талап-арыздармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге.".

Қолданыстағы