Об утверждении Положения о порядке передачи в собственность граждан жилищ из государственного жилищного фонда Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес, қалыптасқан тұрғын үй қатынастарын заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беру тәртібі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Б.Сейтбеков) мемлекеттік тұргын үй қорынан тұргын жайларды азаматтардың меншігіне беруге байланысты дайындык жұмыстарын өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.К.Карбозовка жүктелсін.
Басқа 5. Арқалық қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 612 қаулысымен бекітілді Арқалық қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже тұрғын үй жағдайын тұрактандыру, азаматтардын орналасқан тұрғын жайына құқықтарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Ереже тұрғын жай бөлмелерін азаматтардың меншігіне беру негіздерін, тәртібін, ережелерін және рет-жосығын айкындайды және тек қана Арқалық қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы пәтерлерге (үйлерге) таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың мемлекеттік коммуналдық тұргын үй қорынан орналасқан тұрғын жайлары - азаматтардың меншігіне ерікті негізде берілуі немесе сатылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын азаматтардың меншігіне беру процесінен туындаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Заңдарымен реттеледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорының мемлекеттік коммуналдық пәтерлерін (үйлерді) Арқалық қаласында тұрақты тұратын, тұрғын жай болмесінде ордер негізінде орналасқан немесе әкімдікпен тұрғын жайды мерзімсіз сипаты бар жалға алу шартын жасасқан азаматтардың меншігіне алуға құқығы бар. Тұрғын үй қорын қайта бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен берілген уақытша жалға беру шарттары, осы шарт талаптарын ұқыпты орындаған, қалада тұрақты тұратын (егер «Іскер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының, меншік иелері кооперативінін актілерімен және мекенжай анықтамаларымен расталса), Қазакстан Республикасы аумағында, меншік құкығында басқа тұрғын жайы жоқ азаматтар мен әкімдік арасында жасалатын шарттарға айырбастауға жатады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй қорын қайта бөлу жөніндегі комиссияның шешімдері бойынша уақытша жалға алу шартымен тұрып жатқан азаматтармен және пәтерлерін (үйлерін) тастап қеткендермен. коммуналдык қызметке 2 айдан астам кезеңге қарыз болгандармен мерзімсіз жалга беру шарттары жасалмайды.
Тармақ 5
5. Қазакстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 шілдедегі № 1388 Жарлығымен бекітілген, Қазакстан\ Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғызылған, Е.Әуелбеков атындағы көше бойындағы № 16-үйде, С. Горбачев атындағы көше бойындағы № 65-үйде орналасқан коммуналдык тұрғын жайлар меншікке айналдыру құқығынсыз әлеуметтігі қорғалған азаматтарға, баска да санаттағы азаматтарға беріледі, нарық тетіктерін пайдалану арқылы жүзеге асады.
Тармақ 6
6. Қызметтік есепке енгізілген тұрғын жайлар азаматтар меншігіне заңнамада көзделген тәртіппен беріледі. Әкімдік нарық бағасымен сатып алған және құқық корғау органдарының, мемлекеттік үйымдардың басшыларына кызметке пайдалануға берген тұрғын жайлар қызметтік есептен шығаруға жатпайды және әкімдіктін кызметтік тұрғын үй қорын құрайды.
Тармақ 7
7.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын жайларды меншігіне өтеусіз алуға мыналардың құқығы бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар;
Тармақша 2
2) І және ІІ топтағы мүгедектер (мүгедектігі құқыққа қайшы әрекеттің салдарынан болған тұлғаларды есептемегнде);
Тармақша 3
3) Чернобыль АЭС аймағындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар;
Тармақша 4
4) Семей ядролык полигонындағы жарылыстардын, сондай-ак тізбесін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті айқындайтын басқа да азаматтық немесе әскери пайдалану ядролық нысандардағы радиация сәулесі салдарынан, дәрігерлік сараптау комиссиясы (ВТЭК) қорытындысы бойынша, денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтар;
Тармақша 5
5) интернационалдық борышын өтеумен байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер;
Тармақша 6
6) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
Тармақша 7
7) аз қамтылғандар;
Тармақша 8
8) зейнеткерлер.
Тармақша 9
9) жалгызілікті отбасылар.
Тарау 2. 2. Меншікке беру тәртібі
2. Меншікке беру тәртібі
Тармақ 8
8. Тұрғын жайларды меншікке беру сату-сатып алу шарттарымен немесе азаматтар тұрғын үйді жекеменшігіне беруге өтініш жасаған кезде өтеусіз беру мына құжаттарды тапсырған кезде рәсімделеді:
Тармақша 1
1) тұрғын жайға орналасуға арналған ордер немесе жалдау шарты;
Тармақша 2
2) тұрғын үй кұнының төлемі туралы түбіртек;
Тармақша 3
3) меншікке беруге жататын тұрғын жай бөлмелерінде нақты тұратындығы туралы «Іскер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының немесе жекеменшік пәтерлер кооперативінің актісі;
Тармақша 4
4) барлык отбасы мүшелерінің жекешелендіруге жазбаша кедісімі;
Тармақша 5
5) бірге тұратын барлық адамдарға жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй қорын пайдалану
3. Тұрғын үй қорын пайдалану
Тармақ 9
9. Азаматтардың меншігіне көп қабатты үйлерден берілген пәтерлер болашақта тек қана тұрғын жай ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оларды кайта кұру мен кайта жоспарлау тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Меншік иелері тұрғын жайларды пайдалануға заңнама белгілейтін талаптарды сақтауға міндетті.