Об утверждении перечня программ и подпрограмм, финансируемых из местных бюджетов, и перечня учреждений, финансируемых из областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня программ и подпрограмм, финансируемых из местных бюджетов, и перечня учреждений, финансируемых из областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 638
- Қабылданған күні
- 19.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.01.1999 3191_259916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000139
- ЭКБ идентификаторы
- 3191
- Редакция идентификаторы
- 3191_259916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:22
0 Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен.
"Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы, "1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңдарын және "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың мекемелерi-әкiмшiлiктерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 Қаулысын орындау тұрғысында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
1) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, жергiлiктi атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен бағдарламашалардың тiзбесi (қоса берiлуде);
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыс Әкiмi әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен бағдарламашалардың тiзбесi (қоса берiлуде);
3) бағдарламаларды орындайтын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдылыққа сәйкес мемлекеттiк мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелердiң тiзбесi (қоса берiлуде).
2. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың мекемелерi әкiмшiлiктерi бiр ай мерзiмi iшiнде, қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес, осы шешiмнiң 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мекемелердi қайта тiркеудi жүзеге асырсын.
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
1999 жылғы 26 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жергiлiктi бағдарламаларды орындаушы, жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелердiң тiзбесiн бекiтсiн;
1999 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде оларды мемлекеттiк мекемелерге қайта тiркеудi жүзеге асырсын.
4. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың мекемелерi - әкiмшiлiктерi бiр ай мерзiмi iшiнде, заңдылық белгiлеген тәртiпте, ведомстволық мекемелердi мемлекеттiк кәсiпорындарға қайта тiркеудi жүзеге асырсын.
5. Мемлекеттiк кәсiпорындар жөнiнде мемлекеттiк меншiк құқысы субъектiсiнiң функциясын және уәкiлдi орган функциясын жүзеге асыратын бағдарламалардың мекемелерi - әкiмшiлiктерi әрбiр мемлекеттiк кәсiпорынның қаржылық балансын бекiтсiн және қайта тiркеген күннен бастап бiр ай мерзiмi iшiнде келiсу үшiн облыстық қаржы басқармасына құрама қаржылық балансты берсiн.
6. Мемлекеттiк кәсiпорындар оларға заңдылық жүктеген мемлекеттiк органдарды бақылау-қадағалау функциясын тек бюджеттік қаржыландыру шеңберiнде және мемлекеттiк тапсырыс жағдайында жүзеге асырады деп белгiленсiн.
7. "1999 жылға арналған бағдарламалар мен бағдарламашалар тiзбесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 11 желтоқсандағы N 620 шешiм күшiн жойды деп танылсын.
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
12 1999 жылы облыстың жергiлiктi бюджеттерiнен қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
19 қаңтардағы N 638 шешiмiне
N 1 қосымша
1999 жылы облыстың жергiлiктi бюджеттерiнен
қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың
ТIЗБЕСI
Облыстық қаржы
басқармасының бастығы
13 1999 жылы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламашалардың
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
19 қаңтардағы N 638 шешiмiне
N 2 қосымша
1999 жылы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын
бағдарламалар мен бағдарламашалардың
ТIЗБЕСI
14 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын және заңдылыққа сәйкес мемлекеттiк мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi
Облыстық қаржы басқармасының бастығы
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
19 қаңтардағы N 638 шешiмiне
N 3 қосымша
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын және
заңдылыққа сәйкес мемлекеттiк мекемелерге қайта
тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi
----------------------------------------------------------------------
N Атауы Мекен-жайы
----------------------------------------------------------------------
Әкiм аппараты
1. Облыстық мәслихат Өскемен қаласы
2. Облыс Әкiмiнiң аппараты Өскемен қаласы
3. Тiл жөнiндегi комитет Өскемен қаласы
4. Шағын бизнестi қолдау комитетi Өскемен қаласы
5. Мемлекеттiк жер инспекциясы Өскемен қаласы
6. Экономика басқармасы Өскемен қаласы
7. Құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық Өскемен қаласы
шаруашылығы басқармасы
8. Энергетика, индустрия, көлiк, Өскемен қаласы
телекоммуникация және СЭБ басқармасы
9. Сауда басқармасы Өскемен қаласы
Қорғаныс
1. ШҚО судан құтқару қызметi Өскемен қаласы
2. ШҚО мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Өскемен қаласы,
3. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет отряды Семей қаласы,
Дулатов, 137
4. ШҚО ГПС техникалық бөлiмi Өскемен қаласы,
Буров, 4
5. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң N 3 Лениногор қаласы,
отряды Гоголь, 6
6. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң N 4 Зырян қаласы,
отряды З.Космедемьянская, 13
7. N 40 өрт бөлiмi Күршiм селосы,
Лесников, 9
8. N 43 өрт бөлiмi Зайсан қаласы,
Манасов, 21
9. N 36 өрт бөлiмi Үлкен Нарын селосы,
Амангелдi, 79
10. N 49 өрт бөлiмi Қарауыл селосы,
Бекпушинов, 51
11. N 50 өрт бөлiмi Аягөз селосы,
Совет, 3
12. N 58 өрт бөлiмi Көкпектi селосы,
13. N 59 өрт бөлiмi Ақсуат селосы,
Қабанбай, 45
14. N 60 өрт бөлiмi Үржар селосы,
Краснопартизан, 65
15. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң N 9 Бородулиха селосы,
отряды Коммунистiк, 5
16. N 54 өрт бөлiмi Жаңа Владимировка,
40 лет Казахстана, 7
17. ШҚ жедел құтқару отряды Өскемен қаласы,
Ворошилов, 10
Iшкi iстер басқармасы
1. ШҚО iшкi iстер басқармасы Өскемен қаласы,
Ворошилов, 1
2. Жол полициясының басқармасы Өскемен қаласы,
Ленин, 73/1
3. IIБ жанындағы уақытша шеттету, бейiмдеу Өскемен қаласы,
және реабилитация орталығы 2-я Широкая, 44
4. IIБ жанындағы белгiлi тұрғылық жерi Өскемен қаласы,
және құжаттары жоқ адамдар үшiн Стаханов, 2а
қабылдау-бөлу бөлiмi
5. IIБ жанындағы әкiмшiлiк тәртiбiнде Өскемен қаласы,
тұтқындалған адамдар үшiн қабылдау-бөлу Стаханов, 2а
бөлiмi
6. ШҚО IIБ медицина басқармасы Өскемен қаласы,
Новаторов, 9б
7. ҚР IIМ кәсiптiк даярлау училищесi Өскемен қаласы,
Жаңа Согра
Бiлiм департаментi
1. Жетiм жасөспiрiмдер үйi Өскемен қаласы,
Ворошилов, 79
2. ШҚ политехникалық бағдарындағы лицей- Өскемен қаласы,
интернат Западный, 91
3. Жамбыл атындағы мектеп-интернат Өскемен қаласы,
гимназиясы Амур, 12/1
4. ШҚ қазақ-түрiк лицей-интернаты Өскемен қаласы,
Лихарев, 5
5. Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" ерлер Семей қаласы
лицейi
6. Өскеменнiң 8-жылдық қосалқы мектеп- Өскемен қаласы,
интернаты Левобережная, 81б
7. Жоғары кәсiптiк гимназия-техникалық Өскемен қаласы,
лицейi Лермонтов, 50
8. N 2 кәсiптiк-техникалық мектеп Өскемен қаласы,
Ворошилов, 79
9. N 5 орта кәсiптiк-техникалық училищесi Өскемен қаласы,
Ленин, 83/1
10. N 8 кәсiптiк-техникалық мектеп Өскемен қаласы,
Бажов, 14
11. "Заман" кәсiптiк даярлау орталығы Семей қаласы,
Свердлов, 70