Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил выдачи сертификата, подтверждающего статус творческого работника

Бұйрық · № 17 · қабылданған 01.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-31960/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении правил выдачи сертификата, подтверждающего статус творческого работника Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 ·01.02.2007
18.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил выдачи сертификата, подтверждающего статус творческого работника

Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил выдачи сертификата, подтверждающего статус творческого работника
Атауы (қаз.)
Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
01.02.2007
Көрсетілген редакция
18.09.2012 AI31960_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004546_
ЭКБ идентификаторы
31960
Редакция идентификаторы
AI31960_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:08

0 Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру ережесін бекіту туралы

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Жеке тұлғаның шығармашылық жағдайын растайтын куәлігін берілу тәртібі бекітілсін.

2 2. Өнер департаменті келесі шараларды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Әлиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
Министрінің м.а. 2007 жылғы
1 ақпандағы N 17 бұйрығымен
бекітілген
Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру ЕРЕЖЕСІ

1 1. Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді және шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру тәртібін белгілейді.

2 2. Шығармашылық қызметкердің мәртебесін облыстың (республикалық деңгейдегі қалалар, астана) жергілікті атқару органдары уәкілдерімен растайды (бұдан әрі - уәкілетті орган).

3 3. Куәлік шығармашылық одақтарда тіркелмеген кәсіби немесе әуесқой қызметі құндылықтарды жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын шығаруға немесе жоруға (аударуға) бағытталған шығармашылық кызметкерге беріледі.

4 4. Шығармашылық тұлғаның мәртебесін растау туралы мәселені қарау үшін мәдениет саласындағы уәкілетті органға:

өтініш ерікті түрде;
жеке куәліктің көшірмесі;
алған наградалары туралы және конкурсқа, фестивальге, көрмеге қатысқаны жөніндегі құжаттардың көшірмесі;
мәдениет ұйымдарының, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдардың, шығармашылықтағы көрнекті қайраткерлердің ұсынымдары.

5 5. Куәлік беру туралы өтінішті уәкілетті орган он жұмыс күнінде қарайды.

6 6. Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және бұйрықпен ресімделеді.

7 7. Уәкілетті орган шығармашылық қызметкердің мәртебесін растау ретінде осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік береді.

1 шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын N___ КУӘЛІК

Шығармашылық қызметкердің
мәртебесін растайтын куәлік
беру ережесіне қосымша
шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын N___ КУӘЛІК
____________________________________________________________________
                  (қызметкердің тегі, аты-жөні)
                              берілді
Осы Куәлік шығармашылық қызметкердің музыка, театр, кино
өнері, әдебиет, және драматургия саласында қоғамдық-маңызды көркем
шығармаларды конкурстарына қатысуын растайды
Уәкілетті орган ________________ _________________
                    лауазымы тегі, аты-жөні
      мөр орны
_______ қаласы  " "_________200 ж
Тіркеу N ___

Қолданыстағы