Құжат мәтініне өту

О мерах по воспроизводству лесов, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области

Қаулы · № А-2/18 · қабылданған 23.01.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32006/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О мерах по воспроизводству лесов, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/18 ·23.01.2007
20.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по воспроизводству лесов, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ А-2/18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по воспроизводству лесов, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-2/18
Қабылданған күні
23.01.2007
Көрсетілген редакция
20.06.2008 32006_173674.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07B0003216
ЭКБ идентификаторы
32006
Редакция идентификаторы
32006_173674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:11

0 Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, орман өсіру, орманды күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы" ақпарат назарға алынсын.

2 2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған, қосымша беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3 3. Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті:

1 1) Ақмола облысының ішкі істер департаментімен бірлесе отырып (келісім бойынша) орманның сақталуын бақылауды күшейтсін;

2

2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облыстық төтенше жағдайлар (келісімі бойынша) және Ақмола облыстық өртке қарсы қызмет департаменттерімен (келісім бойынша) бірлесе отырып орман саласы қызметкерлерін дала және орман өрттеріне қарсы күрес бойынша оқытуды жалғастырсын, сонымен қатар, осы мәселе бойынша жедел тактикалық жаттығуларды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет департаменті (келісім бойынша):

ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерінің өртке қарсы тұру жағдайларын, өрт сөндіру-химиялық станцияларының жабдықтандырылуын тұрақты тексерсін;
орман, дала өрттері мен ауыл шаруашылығы қалдықтарын жағу бойынша бастапқы тергеуді сапалы өткізуді және материалдарды құқық қорғау органдарына беруді жүргізсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша):

орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімге пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу кезінде облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 2007 жылға арналған орманды орналастыру жобалары дайындалуын қамтамасыз етсін;
облыс жұртшылығы арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шаралары жөнінде үгіт және насихат жұмыстарын тұрақты жүргізсін;
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес ағаш тілгіштерді пайдалануға бақылауды күшейтсін, құқық бұзушылық анықталса тиісті шаралар қолдансын.

6

6. "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман өсімін молайту, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы"»Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы №А-8/193 Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылы 14 қазанда №2758 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2004 жылы 14 қазанда жарияланған қаулысының күші жойылған деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

8 8. Облыс әкімдігінің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 Ақмола облысы әкімдігінің

2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ А-2/18 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
р/н
Іс-шаралар атауы
Аяқталу формасы
Орындаушылар
Орындалу мерзімі
1
Орман өсімдіктерінің жағдайы мен экономикалық тиімділігі ескере отырып, мейлінше қысқа мерзімде жоғары өнімді және тұрақты орман құруды қамтамасыз ететін әдістермен экологиялық және санитарлық-эпидиомологиялық талаптарды сақтай отырып мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды молықтыруды жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
жыл бойы
2
Тұрақты орман тұқымы базасы нысанында, олар жетіспеген жағдайда кәдімгі орман ағаштарынан тұқым дайындау жұмыстарын жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жыл
IV тоқсан
3
Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды молықтыру және өсіру, елді мекендерде көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін облыс питомниктерінде стандартқа сай егу материалдарын өсіруді қамтамасыз ету.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орманды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттікмекемелер
2007 жыл
15 желтоқсан
4
Мамандандырылған техникаға түгендеу жұмыстарын жүргізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу департаменті, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жыл
1 наурыз
5
Орманды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді техникамен жабдықтауды жақсарту мақсатында тұтынуға сәйкес мамандандырылған техниканы жыл сайын жаңартуға жағдай жасау
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті,Ақмола
облысының қаржы  департаменті
2007 жыл
1 қараша
6
Бюджеттік комиссияның қарауына мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайту және 2007 жылы орманды қалпына келтіру жұмыстарының көлемін ұлғайту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу үшін 44 408,0 мың теңге қаржы бөлу мәселесін енгізу.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орманды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жыл
IІ тоқсан
7.
Ақмола облысы білім департаментінің жанындағы "Экология және орман шаруашылығы колледжі"» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының базасында орман шаруашылығы кадрларын дайындау мен қайта дайындауға, осы оқу орнының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді жақсартуға бөлінетін қаржы көлемін өсіру мәселесін қарастыру.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Ақмола облысының білім департаменті,Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
2007 жыл
II тоқсан
8.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-тұқымдық мақсаттағы нысандардың есебін жүргізу және аттестациялауды жүзеге асыру
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығының Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
2007 жыл
IV тоқсан
9
Тексерістен өтпеген егу тұқымдарын сатуға және пайдалануға жол бермеу жөніндегі бақылауды жүзеге асыру.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығының Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
жыл бойы
10
Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес орман қоры аумағында және оған шектес орналасқан аймақтарда орманды пайдаланушылар өрт қаупі жағдайын төмендету мақсатында арнайы жүргізіліп жатқан аумақтардан өзге жерлерде шөп өсімдіктерін өртеуге тыйым салу.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жыл
10 мамыр
11
Орман өртінің пайда болуына тергеу жүргізу және оған жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде нақты іс-шаралар қолдану.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пай-далануды реттеу департаменті, Ақмола облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша)
жыл бойы
12
Әуе, орман және егерлік күзет қызметтерін орман өртінің пайда болғаны туралы хабар жеткізу тәртібі мен схемаларының жадуалдарымен қамтамасыз ету.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті. Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жылғы
8 мамыр
13
Әрбір орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде сумен қамтамасыз ету көздерінің кесте-карталарын, сондай-ақ өрт сөндіруге қажетті су сақтау резервуарларын     дайындау.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті. Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
2007 жылғы
15 мамыр
14
Өрттен және басқа да қауіпті жағдайлардан ормандарды сақтау мақсатында белгіленген тәртіп бойынша (келісім бойынша) оқу мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары арасынан ерікті жасақтар құру және оның тиімді қызмет етуі үшін тиісті жағдайлар жасау.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысы білім департаменті,Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
2007 жылғы
1 маусым
15
Өрт шығу қаупі жоғары кезеңде  мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалар мен көлік құралдарының кіруін, сондай-ақ кейбір жұмыс түрлерін жүргізуді шектеу.
Әкімдік қаулысы
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
2007 жылғы
10 мамыр
16
Орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
жыл бойы

Қолданыстағы