Қолданыстағы ред. 19.01.2007 (Редакция 32016_347397.kaz)

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы от 19.01.2007 г. № 11 (Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы)

0

Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиқасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16- бабына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметттік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін .

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айрылған ата-ананың мүгедек балаларынан басқа ата-анасының бipeyiнe немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық- педагогиқалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, бip жылға тағайындалсын.

3

3. «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш.Қаймолдина):
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың бipeyінe немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген улгідегі) анықтамасы;
отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты;
облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттіліг туралы қорытындысы.

4

4. «Қаратал аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Мәдібеков)
мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.

5

5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006
жылдың 26 қаңтарында 2-12-24 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 3 ақпанындағы № 5 «Қаратал» газетінде жарияланған Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 12 қаңтарындағы № 4 «Мүгедек баларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы» қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Естібаеваға жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.