Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной ежегодной социальной помощи инвалидам по зрению, обучающимся в организациях образования специального типа, для получения среднего общего образования

Қаулы · № 53 · қабылданған 01.02.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32019/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об оказании единовременной ежегодной социальной помощи инвалидам по зрению, обучающимся в организациях образования специального типа, для получения среднего общего образования Қолданыста 01.02.2007 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об оказании единовременной ежегодной социальной помощи инвалидам по зрению, обучающимся в организациях образования специального типа, для получения среднего общего образования

Қолданыста Қаулы № 53 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной ежегодной социальной помощи инвалидам по зрению, обучающимся в организациях образования специального типа, для получения среднего общего образования
Атауы (қаз.)
Орта жалпы білім алу үшін арнайы үлгідегі білім мекемелерінде оқып жатқан көз ауруы мүгедектеріне біржолғы жылдық әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53
Қабылданған күні
01.02.2007
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
01.02.2007 32019_317681.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NL000033
ЭКБ идентификаторы
32019
Редакция идентификаторы
32019_317681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:08
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Орта жалпы білім алу үшін арнайы үлгідегі білім мекемелерінде оқып жатқан көз ауруы мүгедектеріне біржолғы жылдық әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 14) тармакшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Занының 16 бабына сәйкес және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орта жалпы білім алу үшін арнайы улгідегі білім мекемелерінде оқып жатқан көз ауруы мүгедектеріне біржолғы жылдық әлеуметтік көмек (әрі карай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:

1) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;

2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді;

3) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейі банктер немесе банктық операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.

2. Қосымшаға сәйкес уәкілетті органға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі

Қарабалық ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 1 ақпандағы

№ 53 қаулысына

қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі

1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай - арыз беруші) жазбаша арызы;

2. Балаға немесе он сегіз жасқа толған және үлкен тұлғаға көз ауруы жөнінде мүгедектік белгілеу медико-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасының көшірмесі;

3. Орта жалпы білім алу үшін арнайы үлгідегі білім мекемелерінде оқып жатқан көз ауруы мүгедегіне оқу дерегін растайтын құжат;

4. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі көз ауруы бойынша мүгедек үшін);

5. Жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен көз ауруы бойынша мүгедек үшін);

6. 18 жасқа дейінгі мүгедек - баланың ата-анасының, баланы (қызды) асырап алушының, қамқоршының (қорғаншының), басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын қүжаттың көшірмесі;

Кәмелетке толған көз ауруы бойынша мүгедектің қорғаншысы болып табылатын арыз беруші жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесің ұсынады.

7. (Баланы (қызды) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) үшін) жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі:

баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедекті баланы (қызды) асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады;
қамқоршылар (қорғаншылар) қамқоршының (қорғаншының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тагайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамкоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.