Қолданыстағы ред. 02.02.2007

Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанынды оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы от 02.02.2007 г. № 279 (Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанынды оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы)

0

Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанынды оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабына және «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Занының 6 бабының 4 тармағына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиенушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік берілсін.

2

2. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдік қала аумағындағы күндізгі оқу нысанында білім алушылардың төмендегідей санаттарына:

1

1) жоғары оқу орындарында оқитындарға;

2

2) арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға;

3

3) кәсіптік мектептер мен лицейлерде оқитындарға қолданылады.

3

3. Осы шешім 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енгізілсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Г. Жәкиеваға) жүктелсін.