Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанынды оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанынды оқитындар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік беру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабына және «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Занының 6 бабының 4 тармағына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиенушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдік берілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдік қала аумағындағы күндізгі оқу нысанында білім алушылардың төмендегідей санаттарына:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орындарында оқитындарға;
Тармақша 2
2) арнаулы орта оқу орындарында оқитындарға;
Тармақша 3
3) кәсіптік мектептер мен лицейлерде оқитындарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Г. Жәкиеваға) жүктелсін.