Құжат мәтініне өту

О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"

Қаулы · № 11 · қабылданған 05.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32044/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" Күшін жойған Қаулы ·№ 11 ·05.02.2007
01.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"

Күшін жойған Қаулы ·№ 11 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перечне, сроках и порядке представления финансовой отчетности банками второго уровня и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана"
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті ұсыну тізбесі, мерзімдері және тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
05.02.2007
Көрсетілген редакция
01.07.2011 AI32044_9.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004553_
ЭКБ идентификаторы
32044
Редакция идентификаторы
AI32044_9
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:07

0 Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті ұсыну тізбесі, мерзімдері және тәртібі туралы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 54-баптарына, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Еншілес ұйымдары жоқ екінші деңгейдегі банктер және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банктер) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және осы қаулының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жасалған, аудиторлық ұйым растаған, қағазға басып шығарылған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) ұсынсын.
Еншілес ұйымдары бар банктер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және осы қаулының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жасалған, қағазға басып шығарылған шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді уәкілетті мемлекеттік органға ұсынсын.
Банктер шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.

2 2. Алынып тасталды.

3 3. Бухгалтерлік баланстан, пайда және зиян туралы есептерден, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұратын банктің қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалады.

Исламдық банктің қаржылық есептілігі қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жасалатын инвестициялық депозиттердегі өзгерістер жөніндегі есептен тұрады.
Қаржылық есептілік өзінің мәні, функциялары, көлемдері бойынша елеулі айырмашылығы бар және қаржылық жай-күйді, қаржылық нәтижені, ақша қаражатының қозғалысын және банктің капиталындағы есепті кезеңдегі өзгерістерді түсінуді жақсартуға себепші болатын сомалар бойынша жеке желілік баптардан тұруы тиіс.

4 4. Алынып тасталды

5

5. Банктің ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі банктің таңдауы бойынша тікелей немесе жанама әдіспен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалады. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап банктің ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі тікелей әдіс бойынша жасалады.

6 6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

8 8. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және банктерге жіберсін.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды мемлекеттiк реттеу
және қадағалау агенттігінің
Төрағасы

1 _______________________________________________________________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 5 ақпандағы N 11
қаулысына 1-қосымша
_______________________________________________________________
(исламдық банктің толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ аяқталатын кезеңге
инвестициялық депозиттердегі өзгерістер жөніндегі есебі
( мың Қазақстан теңгесімен )
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар порт­фе­лі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар
Са­уда қыз­ме­тіне ин­ве­сти­ци­я­лар порт­фе­лі
Бас­қа да ин­ве­сти­ци­я­лар
Жиын­тығы
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Есеп­ті ке­зең­ге
Ал­дың­ғы ке­зең­ге
Ке­зең ба­сын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар
Ин­ве­сти­ци­я­лық де­по­зит­тер­ді қа­был­дау
Ин­ве­сти­ци­я­лық де­по­зит­тер­ді алу
Ин­ве­сти­ци­я­лық кі­ріс (зи­ян), оның ішін­де
әділ құ­ны бой­ын­ша қай­та ба­ға­ла­удан
Әкім­ші­лік және өзге де шы­ғы­стар
Банк­ке ко­мис­сия (банк кі­рі­сі)
Ке­зең со­ңын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар
Бірінші басшы _______________ күні ___________________
Бас бухгалтер _______________ күні ___________________
Орындаушы _______________ күні ___________________
Телефоны _______________
Мөрдің орны

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 05 ақпандағы
N 11 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

1 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1170 тіркелген);

2

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1835 тіркелген);

3 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебінің тізбесі, нысандары, мерзімдері және ұсыну мен жариялау тәртібі туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы N 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3499 тіркелген);

4

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3496 тіркелген);

5

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебінің тізбесі, нысандары, мерзімдері және ұсыну мен жариялау тәртібі туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы N 25 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3863 тіркелген).

Қолданыстағы