Құжат мәтініне өту

О поправочных коэффициентах к базовой ставке платы за земельные участки и границах зон города Актау

Өзге акт · № 20/355 · қабылданған 30.01.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32060/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О поправочных коэффициентах к базовой ставке платы за земельные участки и границах зон города Актау Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/355 ·30.01.2007
10.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О поправочных коэффициентах к базовой ставке платы за земельные участки и границах зон города Актау

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/355 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О поправочных коэффициентах к базовой ставке платы за земельные участки и границах зон города Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффиценттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/355
Қабылданған күні
30.01.2007
Көрсетілген редакция
10.04.2009 32060_176080.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07M0001966
ЭКБ идентификаторы
32060
Редакция идентификаторы
32060_176080
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:09

0 Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффиценттері туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және 1 шаршы метр жер учаскесі үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері NN 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Аймақтар Аймақ I

Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы
30 қаңтардағы N 20/355 шешіміне
1 - қосымша
Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Аймақ-тар N
Аймаққа кірген шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар
Бағалық аймақ бойынша орта коэф.
I
Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері
2,00
II
NN 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27 шағынаудандар
1,60
III
NN 3, 3а, 3б, 22, 23, 24, 25, 28, 28а, 29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер
1,20
IV
Өнеркәсіптік аймақ
0,80
V
Оқшауланған елді мекендер; жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай және басқа да жер учаскелері
0,50
Аймақтар Аймақ I
Бірінші аймаққа өнеркәсіп орындары пайдаланып отырған, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелерін қоспағанда, түгел теңіз жағалауы белдеулері кіреді. Бұл аймақта мейрамхана, кафе, қонақ үйлер, жағажайлар, демалыс және мәдениет паркі, спорт кешендері және басқа да қоғамдық мақсаттағы орындар орналасқан.
Тұрғын үй қоры оқшауланған жер алабын қамтып отырған, коттедждік құрылыспен беріліп отыр.
Аймақ II
Екінші аймақ транспорттық қолайлы (10-15мин) қала орталығына жақын аймақта орналасқан. Бұл N2,4-15,26,27 шағынаудандар.
Осы аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, мешіт, мейрамханалар, кафелер, барлар, ойын бизнесінің нысандары, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, және басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын ғимараттар, сондай-ақ, жоғары комфортты тұрғын кешендер. Бос жер учаскелерінің тапшылығының себебінен, жаңа құрылыс нысандарын салу шектеулі.
Аймақ III
Үшінші аймақта N3, 3а, 3б, 22-25; 28, 28а және 29,30 сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылыстарына жобаланған жер учаскелері орналасқан (Ақтау қаласының аумақтарын аймақтарға бөлу схемасына сәйкес аэропорт жолының бойы).
Тұрғын қор 3-5-9 қабатты жоспарланған құрылыс жобасымен берілген.
Осы аймақта да әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
Аймақ IV
Төртінші аймақта барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.
Аймақ V
Бесінші аймақта оқшауланған елді мекендер біріктіріледі: Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды Өмірзақ селолары және жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай, басқа да жер учаскелері (көрсетілген селолық округтар жанында орналасқан).

Қолданыстағы