Об утверждении формы заключения об обязательном экологическом аудите
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы заключения об обязательном экологическом аудите
- Атауы (қаз.)
- Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43-п
- Қабылданған күні
- 13.02.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2015 AI32062_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004554_
- ЭКБ идентификаторы
- 32062
- Редакция идентификаторы
- AI32062_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:05
0 Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізілсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысаны
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 13 ақпандағы
N 43-Ө бұйрығымен бекітілді
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысаны
200__ жылғы»"___" ____________ N ______
_________________________________ басшысына
(аудитке жататын субъектінің аты-жөні немесе
толық атауы (жеке немесе заңды тұлға)
СТН (ЖСН, БСН)*______________________________
Табиғат пайдаланушының тіркеу нөмірі**________
Мекен-жайы _________________________________
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (аумақтық бөлімше)
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық
кодексінің 17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
(аудитке жататын субъектінің аты-жөні немесе толық атауы)
міндетті экологиялық аудит өткізу туралы шешім қабылдады.
Аудитке жататын субъектінің мекен-жайы:_______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аудитке жататын субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен
байланысты қоршаған орта үшін болатын мүмкін қауіп-қатерлердің
сипаты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Міндетті экологиялық аудит өткізу үшін негіздер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық
аудиторлық есеп берудің (алған кезден бастап алты айдан аспайтын)
мерзімі:_________
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің
(аумақтық бөлімшенің)
басшысы
Мөр Күні
Ескертпе:
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің (аумақтық бөлімшенің) ресми бланкісінде
ресімделеді.
* Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi (БСН) бар болған жағдайда көрсетiледi.
** Табиғат пайдаланушының тіркеу нөмірі берілген жағдайда
көрсетiледi.