Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын 7
бабының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес,
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 12.02.2007 г. № 81 (Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Қосымшаға сәйкес берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі бекітілсін.
2. «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға, уәкілетті болып табылсын.
3. «Сарқан ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.Ш.Тертюбаев):
1) уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды
жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметғік жұмыс орындарына жіберуді
жүзеге асырсын;
2) осы мақсатқа, әр жылға арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат
шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының
ішінара төлемін өтесін;
3) төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп
шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары
Б. Абдулдаевка жүктелсін.
5. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімдігінің 2007
жылғы 12 ақпандағы
№ 81 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс
берушілердің еңбекакы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде кұралады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың ньрыналы топтардындағы
жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
2) жұмыс орындары уакытша сипатта болады жәнё оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.