Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 331
- Қабылданған күні
- 12.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2013 AI32123_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004555_
- ЭКБ идентификаторы
- 32123
- Редакция идентификаторы
- AI32123_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:32
0 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
келісті
200_ жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
келісті
200_ жылғы»__» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы келісті
2006 жылғы 24 қазан
0 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 5 ақпандағы
N 42 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2006 жылғы 12 желтоқсандағы
N 331 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрінің
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 290-п бұйрығымен бекітілген
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары
1
1. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін мынадай шарттарды сақтай отырып тарту мен пайдалану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырылады:
1 1) кеме экипажының құрамына кіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик қызметіне тағайындалуы мүмкін.
Бұл ретте азаматтығы жоқ адамдар көрсетілген қызметтерге Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған, азаматтығы жоқ тұлға куәлігі болған кезде тартылады;
2 2) кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау бос жұмыс орындары бар болғанда және ішкі еңбек нарығында жекелеген мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемедегі жұмысқа сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік болмаған кезде жүзеге асырылады;
3
3) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек ету үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіби дайындығы) мен жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда мақсатында теңізде жүзу саласы мамандарының қызметтеріне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс;
4 4) кемеге жұмысқа қабылданатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кәсіби дайындығы мен құзыреттілігінің деңгейі мыналармен:
жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы танитын білімі туралы құжатының нотариалды расталған аудармасымен немесе білімі туралы құжатпен;
жұмыс беруші куәландырған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттармен расталады;
5 5) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары:
денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы;
шетелдіктер үшін - нақты ұлттық шетелдік төлқұжат, бұл ретте келу және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған мемлекеттердің азаматтары үшін қосымша Қазақстан Республикасының "жұмысқа" деген визасы болуы қажет;
азаматтығы жоқ адамдар үшін - Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұруға рұқсаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі болуы тиіс.