Қолданыстағы ред. 18.01.2007 (Редакция 32145_315851.kaz)

Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы от 18.01.2007 г. № 23 (Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы)

0

Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (қосымша).

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Аудандық бюджеттен коғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Әкімдіктің
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
қосымша
Аудандық бюджеттен коғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1

1. Осы нұсқаулық төленетін қоғамдық жұмыстар үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу тәртібі мен жағдайларын реттейді.

2

2. Қоғамдық жұмыстар жұмыссыздар үшін арнайы арналған ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады, оларды ұйымдастару үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды, қоғамдық жұмыстар аудандық бюджеттен қаржыландырылады.

3

3. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды орындауға қызметтер көрсету бойынша жұмыс берушілермен шарт жасайды.

4

4. Аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды жіберу «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

5

5. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

6

6. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жеке еңбек шартының негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады.

7

7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары тиісті жылға Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген ең төмен жалақы көлемінде өтеледі. Ақшалай қаражат жұмыс берушілердің есеп шоттарына «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аударылады.

8

8. Қоғамдық жұмыстарға катысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан көшірмені ай сайын жұмыс уақытын есепке алу тәбілін, есептелген жалақының ведомость-есебін, орындалған жұмыстардың актілерін «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырады.

9

9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген көлемде мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген көлемдерде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік бөлектеулерді төлеу үшін жұмыс берушілердің шығыстары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға тиісті ізденіп алуға дейін салымдар бойынша жеке шоттарына немесе банктің дебит төлем карточкалар шоттарына жалақы мен басқа ақшалай төлемдерді енгізу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеуге шығыстар шартта белгіленген көлемде мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.
Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.