Об оказании материальной помощи остронуждающимся и малообеспеченным гражданам Бухар - Жырауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи остронуждающимся и малообеспеченным гражданам Бухар - Жырауского района
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 04/01
- Қабылданған күні
- 03.02.2007
- Көрсетілген редакция
- 17.12.2008 AI32194_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KK000034
- ЭКБ идентификаторы
- 32194
- Редакция идентификаторы
- AI32194_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:07
0 Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
1 1) Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылған мына азаматтарына материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты үйымдастырсын:
туберкулезбен амбулаторлық емдеу кезінде тұрғылықты жерден емдеу мекемесіне жол жүруге, амбулаторлық жағдайда қосымша терапияғаауырғанда және отбасы мүшесі қайтыс болғанда, сонымен қатар, жан басына шаққандағы орта айлық табысы кедейшілік деңгейінен жоғары азаматтарға қайғы көруінде, төтенше жағдайда, қайғылы оқиғада, өртте, ауыр науқасқа ұшырағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге мерейтой және мереке күндерінде;
2 2) материалдық көмек алу туралы өтінішті қабылдау және тіркеу төмендегі құжаттарды ұсынғанда жүзеге асырылсын:
өтініш,
жеке бас куәлігі
материалдық жағдайды тексеру актісі
өтінім
салық төлеушінің тіркеу нөмірі
азаматтың материалдық көмекті қажетсінетінін куәландыратын өзге де құжаттар;
3 3) зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін мемлекеттік Орталықтың аудандық бөлімінен түсірілген тізімге байланысты, өтінішті қажет етпей-ақ мерейтой және мереке күндерінде материалдық көмек көрсетілсін;
4 4) ауданның жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылған әр азаматына жылына бір рет қана көмек көрсетілсін;
5 5) бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет жеке сол адамның өзіне төтенше жағдайда, мерейтой және мереке күндері әлеуметтік төлем алатын зейнеткерлерге берілсін.
2. Әрбір жағдайда көрсетілетін материалдық көмек көлемі аудандық Мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген кеңестік комиссияның дербес құрамымен анықталады.
3 3. Аудандық қаржы бөлімі "Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бағдарламасына сәйкес, аудандық бюджет шегінде қаржыландыру жүргізсін.
4
4. Бүқар жырау ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 23/3 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-10, аудандық N 44 "Сарыарқа" газетінде 2005 жылдың 5 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.