Қолданыстағы ред. 12.02.2007 (Редакция 32197_322959.kaz)

Қарабалық ауданында ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 12.02.2007 г. № 64 (Қарабалық ауданында ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Қарабалық ауданында ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері бекітілсін (1-қосымша).

2

2. Қоғамдық жұмыстардың тәртібі мен қаржыландыру талаптары туралы нұсқау бекітілсін (2-қосымша).

3

3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қаулыны басшылыққа алсын.

4

4. «Сармат - 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына (келісім бойынша) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттар жасау үшін жұмыстардың нақты түрлерін анықтау ұсынылсын.

5

5. Бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне: «Қарабалық ауданының тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылық көлігі және автомобильдік жолдары» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Қарабалық ауданының д :не шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және «Қарабалық орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) 1-қосымшаға сәйкес тізімде айқындалған кәсіпорынмен көрсетілетін қызмет пен жұмысты төлеуде жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескеру ұсынылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.

7

7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбе күн өткеннен кейін іс-қимылға енеді.

8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қарабалық ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 64 қаулысына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

9. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқау

Қарабалық аудандық әкімдігінің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 64 қаулысына
2-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқау
Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы тәртіп ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.

2

2. Осы тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;

2

2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімият;

3

3) жергілікті атқарушы орган (әкіміяті) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жілгі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиисті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзен асыратын алқалы атқарушы орган.

4

4) нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.

2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

3

3. Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасасады.

4

4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.

5

5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергілікті бюджеттік ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында (аудандық бюджеттен), аудандық жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады.

6

6. Жұмыссыздардың аудандық жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға:

1

1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;

2

2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.жіберу Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

7

7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.

3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері

8

8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.

9

9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңбегіне төлеген ақы шығыны, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Жұмыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді төлеуге шығыны қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген мөлшерде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі.
Жұмыс берушілердің екінші деңгейдегі банктердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларға тиісті еңбек ақыны және басқа да ақшалай төлемдерді салымшының алғашқы талап салымы бойынша дербес шотына немесе банктің төлем карточкасының есепшотына есепке алу, төлеу қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге шығыны келісім-шартпен белгіленген мөлшерде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі.

10

10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақы заңнамалар белгілеген тәртіппен салықтан босатылады.

11

11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.

12

12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын аудандық бюджеттен қайтару үшін Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.

13

13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.

4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қар жыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау

4. Қоғамдық жұмыстарды қар жыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау

14

14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.