Қолданыстағы ред. 17.01.2007

Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы от 17.01.2007 г. № 11 (Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы)

0

Ақылы қоғамдық жұмыстарға
қатысушылардың еңбегіне
төленетін ақы мөлшерлері
туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Маңғыстау облысы әкімиятының «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 27 тамыздағы № 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы аудандық бюджеттен ең төменгі еңбек ақының 130 пайызы болып белгіленсін.

2

2. Қоғамдық еңбек қызметінің түрлерін ұйымдастыру село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға тапсырылсын.

3

3. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісіне (Д.Садықов) тапсырылсын.

4

4. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегін қаржыландыру аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісіне (С.Қани) жүктелсін.

5

5. Қоса беріліп отырған ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже және қоғамдық жұмыстарға жіберілетін мекемелер тізбесі мен қаражат көлемі бекітілсін. (Жалғанды № 1,2 қосымша)

6

6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досанова міндеттелсін.
Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары: 10.01.2007 ж.
Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы
Аппарат басшысы: 10.01.2007 ж.
Мыңбаев Қуанғалиқызы Мәткерімұлы
Аппарат заңгері: 10.01.2007 ж.
Мөлдір Алтынбай Ғалымжанқызы
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:
Қани Сара Құлмырзақызы 10.01.2007 ж.
Орын. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:
Садыков Демеген Мертеұлы 10.01.2007 ж.