Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Маңғыстау облысы әкімиятының «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 27 тамыздағы № 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы аудандық бюджеттен ең төменгі еңбек ақының 130 пайызы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық еңбек қызметінің түрлерін ұйымдастыру село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісіне (Д.Садықов) тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегін қаржыландыру аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісіне (С.Қани) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қоса беріліп отырған ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже және қоғамдық жұмыстарға жіберілетін мекемелер тізбесі мен қаражат көлемі бекітілсін. (Жалғанды № 1,2 қосымша)
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досанова міндеттелсін. Келісілді: Аудан әкімінің орынбасары: 10.01.2007 ж. Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы Аппарат басшысы: 10.01.2007 ж. Мыңбаев Қуанғалиқызы Мәткерімұлы Аппарат заңгері: 10.01.2007 ж. Мөлдір Алтынбай Ғалымжанқызы Аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі: Қани Сара Құлмырзақызы 10.01.2007 ж. Орын. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі: Садыков Демеген Мертеұлы 10.01.2007 ж.