Қолданыстағы ред. 29.01.2007

Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы от 29.01.2007 г. № 47 (Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы)

0

Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бектілсін.

2

2. «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.

5. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 29 қаңтардағы
№ 47 каулысына
қосымша
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі

1

1. Табысы аз адамдар.

2

2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейін балалар.

4

4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5

5. Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.

6

6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7

7. Мүгедектер.

8

8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарынан босаған адамдар.

9

9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10

10. Оралмандар.

11

11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар.

12

12. Елу жастан асқан адамдар.

13

13. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар.