Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бектілсін.
Тармақ 2
2. «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 29 қаңтардағы
№ 47 каулысына
қосымша
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейін балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар.
Тармақ 12
12. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 13
13. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар.